User manual

Сигналдардың қосылуы
Құрылғыны сөндіріңіз.
белгішесін 3 секунд басыңыз.
Бейнебеттер жанып, сөнеді.
белгішесін 3
секунд басыңыз.
жанады, себебі сигнал
сөндірулі.
түртіңіз, жанады. Сигнал
қосулы.
5. ПАЙДАЛЫ НҰСҚАУЛАР МЕНЕН КЕҢЕСТЕР
ИНДУКЦИЯЛЫҚ ПІСІРУ АЛАҢДАРЫ
Индукциялық пісіру алаңдарында, электр-
магнитті өріс ыдыс ішінде жылдам қызу пайда
болдырады.
5.1 Индукциялық пісіру алаңдарына
арналған ыдыс-аяқ
Индукциялық пісіру алаңына дұрыс
ыдыс қойып пайдаланыңыз.
Ыдыс-аяқтың материалы
жарамды: шойын, темір, эмальмен
қапталған болат, тоттанбайтын темір,
табаны көп қабаттан тұратын ыдыс
(өндіруші тарапынан жарамдылығы
көрсетілген).
жарамсыз: алюминий, мыс, сары мыс,
шыны, керамика, фарфор.
Ыдыс индукциялық пісіру алаңына сай келеді,
егер ...
... жоғары қызу параметрі орнатылған пісіру
алаңына аз су қойылса, жылдам қайнап
кетеді.
... ыдыстың түбіне магнит жабысса.
Ыдыстың табаны барынша қалың,
барынша тегіс болуы керек.
Ыдыс-аяқтің өлшемдері: индукциялық пісіру
алаңдары, ыдыс түбінің өлшеміне белгілі бір
шамада автоматты түрде бейімделеді.
5.2 Пісіру алаңдарын пайдалану
МАҢЫЗДЫ
Ыдысты пісіру алаңының бетіндегі айқышқа
қойыңыз. Айқышты толық жабыңыз. Ыдыстың
магнитті табаны кем дегенде 125 мм болуға
тиіс. Индукциялық пісіру алаңдары, ыдыс
табанының өлшеміне автоматты түрде
бейімделеді. Үлкен ыдысты екі пісіру алаңына
қатар қойып, оларды бір уақытта
қолдануыңызға болады.
5.3 Жұмыс кезіндегі шуыл
Егер
сыртылдаған дыбыс естісеңіз: ыдыс әр
түрлі материалдардан жасалған (көп
қатпарлы құрылма).
ысқырған дыбыс: бір немесе бірнеше пісіру
алаңдарын жоғары қуат деңгейлерінде
пайдаланғансыз және ыдыс әр түрлі
материалдардан жасалған (көп қатпарлы
құрылма).
гуілдеу: жоғары қуат деңгейлерін
пайдаланғансыз.
шыртылдау: электр тоғы қосылып-
ажыратылады.
ысылдау, ызыңдау: желдеткіш жұмыс
істейді.
Бұл шуыл түрлері қалыпты жайт және
құрылғының ақаулығына жатпайды.
Пісіру алаңының тиімділігі
Пісіру алаңының тиімділігі ыдыстың
диаметріне байланысты. Диаметрі көрсетілген
ең кіші диаметрден кіші ыдыс, пісіру алаңынан
бөлінетін қуаттың бір бөлігін ғана қабылдай
алады. Ең кіші диаметр мәндерін Техникалық
ақпарат тарауынан қараңыз.
5.4 Қуат үнемдеу
Қуатты үнемдеу жолдары
Егер мүмкіндік болса, ыдысқа әрқашан
қақпақ жабыңыз.
Пісіру алаңын ыдысты үстіне қойғаннан
кейін ғана іске қосыңыз.
Тағамды жылы ұстау немесе жібіту үшін
қалдық қызуды пайдаланыңыз.
ҚАЗАҚ 11