User manual

сүйір бұрыш жасап қойып, ары-бері
жылжыту арқылы тазалаңыз.
Құрылғы жеткілікті түрде суыған кезде
алыңыз: әк дақтары, су дақтары, май
дақтары, металдың жылтыраған
дақтары. Шыны керамикаға немесе
тоттанбайтын болатқа арналған
арнайы тазартқыш құралдарды
қолданыңыз.
2.
Құрылғыны дымқыл шүберекпен, шамалы
жуғыш зат қосып тазалаңыз.
3.
Соңында құрылғыны таза шүберекпен
әбден құрғатыңыз.
8. ТҰМШАПЕШ- КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ
Назарыңызда болсын!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
8.1 Құрылғыны іске қосу және
сөндіру
1.
Тұмшапеш функциясын таңдау үшін
тұмшапеш функцияларының тетігін
бұраңыз.
2.
Температураны таңдау үшін температура
тетігін бұраңыз.
Температура индикаторы құрылғының
ішіндегі температура жоғарылаған кезде
жанады.
3.
Құрылғыны сөндіру үшін тұмшапеш
функцияларының тетігін және
температура тетігін "Off" (сөндірулі)
қалпына қойыңыз.
8.2 Қауіпсіздік терморелесі
Бұл пеш(дұрыс пайдаланбау не
элементтерінің бірінің ақаулығына
байланысты)шамадан тыс қызып кету тәрізді
қатерлі жағдайдың алдын алу үшін қуатты үзіп
тастайтын қауіпсіздік терморелесімен
жабдықталған. Температурасы төмендеген
кезде пеш автоматты түрде қайта қосылады.
8.3 Тұмшапеш функциялары
Тұмшапеш функциясы Қолданылуы
OFF (сөндіулі)
қалпы
Құрылғы сөніп тұр.
Тұмшапештің
шамы
Тұмшапештің ішін пісіру функциясынсыз жарықтандыруға
арналған.
Дәстүрлі пісіру
Үстіңгі және астыңғы элементпен қыздырады. Тұмшапештің
бір деңгейінде пісіру және қуыру үшін.
Астыңғы
қыздырғыш
элемент
Қызу тек тұмшапештің астыңғы жағынан келеді. Торттардың
астыңғы жағын күртілдек немесе қытырлақ етіп пісіру үшін.
Желдеткіш
арқылы пісіру
Бірнеше әр түрлі тағамды бір уақытта пісіру үшін. Қолдан
жеміс қосып сироп қайнату және саңырауқұлақтарды кептіру
үшін.
Ыстық желмен
пісіру
Бірнеше сөрені пайдаланып, бірдей температурада
пісірілетін тағамдарды иістерін бір-біріне сіңірмей қуыруға
немесе пісіруге арналған. Осы функцияны қолданғанда
тұмшапештің температурасын дәстүрлі пісіру режимінің
стандартты температурасынан 20 - 40 °C градусқа
азайтыңыз.
Жеңіл пісіру
Тағамды әсіресе оңай пісіруге арналған: меренга, қопсыма
торт, майлы торт, швед орамасы.
ҚАЗАҚ 11