User manual

2.
Таңдау түймешігін қажетті сағат
функциясының индикаторы
жыпылықтағанша қайта-қайта басыңыз.
hr minhr min
3.
Қажетті сағат функциясын орнату үшін +
немесе - түймешігін басыңыз.
Бейнебетте орнатылған сағат
функциясының индикаторы көрсетіледі.
Орнатылған уақыт аяқталған кезде
индикатор жыпылықтайды да, дыбыстық
сигнал екі минут естіледі.
Ұзақтық және Аяқтау
функцияларында құрылғы автоматты
түрде сөнеді.
4.
Дыбыстық сигналды тоқтату үшін
түймешікті басыңыз.
5.
Тұмшапеш функциясының тетігін және
температура тетігін "off" (сөндірулі)
қалпына қойыңыз.
9.3 Сағат функцияларын біржола
тоқтату
1.
Таңдау түймешігін қажетті функцияның
индикаторы жыпылықтағанша қайта-
қайта басыңыз.
2.
- түймешігін басып ұстап тұрыңыз.
Сағат функциясы бірнеше секундтан
кейін сөнеді.
10. ТҰМШАПЕШ - КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ҚОЛДАНУ
Назарыңызда болсын!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
10.1 Пісірме табақты салу
Табақты тұмшапештің ішінің ортаңғы жағына,
алдыңғы және артқы қабырғаның ортасына
қойыңыз. Бұл пісірме табақтың алды-артында
ыстық ауаның айналуын қамтамасыз етеді.
Табақты суретте көрсетілгендей, қисық жағын
артқа қаратып салыңыз.
Назарыңызда болсын!
Пісірме табақты тұмшапештің артқы
қабырғасына тигенше итермеңіз.
Себебі бұлай істегенде табақтың
айналасына қызу келуге кедергі
жасайды. Тағамның әсіресе табақтың
артқы жағындағы бөлігі күйіп қалуы
мүмкін.
ҚАЗАҚ 13