User manual

5.1 Қызу параметрлері
Басқару
тетігі
Функция
0 Сөндіру қалпы
Қос шеңберлі алаңның тетігі
1 - 9 Қызу параметрлері
(1 - ең төмен қыздыру
параметрі; 9 - ең жоғары
қыздыру параметрі)
1.
Тетікті қажетті қыздыру параметріне
бұраңыз. Пеш үстін басқару индикаторы
жанады.
2.
Тағам пісіруді аяқтау үшін тетікті 0
қалпына бұраңыз.
Қуат тұтынуды азайту үшін қалдық
қызуды пайдаланыңыз. Пісіру алаңын
тағам пісіруді аяқтауға шамамен 5-10
минут қалғанда сөндіріңіз.
5.2 Қос пісіру алаңын іске қосу
Сақтандыру туралы ескерту!
Қос пісіру алаңын іске қосу үшін
тетікті сағат тілінің бағытымен
бұраңыз. Тетікті "тоқтату" қалпынан
асыра бұрамаңыз.
1.
Тетікті сағат тілінің бағытымен бұрап 9
қалпына қойыңыз.
2.
Тетікті сырт еткен дыбыс естілгенше
таңбасына қарай баяу бұраңыз.
Екі пісіру алаңы іске қосылады.
3.
Қажетті қызу параметрін орнату үшін,
"Қызу параметрлері" тарауын қараңыз.
5.3 Қалдық қызуды анықтайтын
шам
Қалдық қызуды анықтайтын шам пісіру алаңы
ыстық тұрған кезде жанады.
Назарыңызда болсын!
Қалдық қызуға күйіп қалу каупі бар!
6. ПЕШТІҢ ҮСТІ - ПАЙДАЛЫ АҚЫЛ-КЕҢЕС
6.1 Ыдыс-аяқ
Ыдыстың түбі барынша қалың, әрі
мүмкіндігінше тегіс болуға тиіс.
Эмальмен қапталған темірден
жасалған, түбі алюминий не мыс
ыдыстар, пештің керамика бетінің
түсін өзгертеді.
6.2 Қуатты үнемдеу
Мүмкін болса, ыдыстардың
қақпақтарын әрқашан жауып
отырыңыз.
Пісіру алаңын ыдысты үстіне
қойғаннан кейін ғана іске қосыңыз.
Қалдық жылуды пайдалану үшін
пісіру алаңдарын пісіру уақыты
аяқталмай тұрып өшіріңіз.
Ыдыстардың түбі мен пісіру
алаңдарының көлемі бірдей болуға
тиіс.
ҚАЗАҚ 9