User manual

Назарыңызда болсын! Шыны есікті
тазаламас бұрын, шыны
панельдердің салқын тұрғандығына
көз жеткізіп алыңыз. Шыны сынып
қалуы ықтимал.
Назарыңызда болсын! Есіктің шыны
панельдеріне нұқсан келсе не сызат
түссе, шыны босап, сынып қалады.
Бұндай жағдай орын алмас үшін
оларды ауыстыру керек. Қосымша
нұсқауларды жергілікті қызмет
көрсету орталығынан алыңыз.
Пеш есігі мен шыны панельді алу
1. Есікті шегіне дейін ашыңыз да, қос
топсасынан ұстаңыз.
2. Қос топсадағы тетіктерді көтеріңіз де
бұраңыз.
3. Шыны панельді су мен сабынды
пайдаланып тазалаңыз. Мұқият
құрғатыңыз
Назарыңызда болсын! Шыны
панельді тек су мен сабынды
пайдаланып ғана тазалаңыз.
Жеміргіш тазалағыштар, дақ
кетіргіштер және өткір заттар
(мысалы, пышақ не
қырғыштар)шыныны бүлдіруі
мүмкін.
Тазалап болғаннан кейін пештің есігін
салыңыз. Есікті салу үшін әрекеттерді
кері тәртіпте орындаңыз.
Тот баспайтын болаттан не
алюминийден жасалған
құрылғылар:
Пештің есігін тек дымқыл жөкемен
ғана тазалаңыз. Оны жұмсақ
шүберекпен құрғатыңыз.
Темір жүн жөке, қышқыл не
тазалағыш құралдарды ешқашан
пайдаланбаңыз, себебі олар пештің
бетін бүлдіреді. Пештің басқару
панелін де осы сақтық шараларын
қолдана отырып тазалаңыз
Пеш шамы
Назарыңызда болсын! Электр
қатеріне ұшырау қаупі бар!
Пештің шамын ауыстырар алдында:
•Пешті өшіріңіз.
Сақтандырғыш қорапшасындағы
сақтандырғыштарды немесе айырып-
қосқышты алыңыз.
Пештің шамы мен шамының
қалпағына нұқсан келмес үшін
пештің табанына шүберек төсеңіз.
Пештің шамын айырбастау/шыны
қалпағын тазалау
1. Шыны қалпағын сағат бағытына
қарсы бұраңыз да, ағытып алыңыз.
2. Шыны қалпағын тазалаңыз.
3. Пештің шамын 300°C градустық
қызуға төзімді, сай келетін шамға
айырбастаңыз.
4. Шыны қалпақты орнына қойыңыз.
14 electrolux