User manual

Сақтандыру туралы ескерту! Пештің
есігін әрқашан тұтқасының
ортасынан ұстап ашыңыз.
Алғашқы тазалау
Құрылғы ішіндегі керек-жарақтардың
барлығын алыңыз.
Құрылғыны алғаш рет пайдаланар
алдында тазалаңыз.
Өте маңызды! "Күтіп ұстау және тазалау"
тарауын қараңыз.
Алдын ала қыздыру
мен максимум температураны
орнатыңыз да, пештің ішінде қалған
қалдықты күйдіріп жою үшін, ішіне еш
нәрсе салмай 45 минут қыздырыңыз.
Пештің керек-жарақтары оны қалыпты
жағдайда пайдаланған кездегіден де
қызып кетуі мүмкін. Осы кезде жағымсыз
иіс шығуы ықтимал. Бұл қалыпты жағдай.
Бөлмені жақсы желдетіңіз.
ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ
Қызу параметрлері
Басқару
түймешесі
Функциясы
0 Өшіру күйі
1-9
Қызу параметрлері
(1 = ең төменгі қызу
параметрі; 9= ең жоғарғы
қызу параметрі)
1. Басқару түймешесін қажетті қызу
параметріне бұраңыз.
2. Пісіру үдерісін аяқтау үшін басқару
түймешесін “0” күйіне бұраңыз.
Қос шығырықты пісіру алаңын қолдану
(бар болса)
Назарыңызда болсын! Қос
шығырықты пісіру алаңын баптау
үшін, қос шығырықты пісіру алаңы
бар тетікті оңға бұраңыз (оны
"тоқтату" қалпынан асырмаңыз).
1. Басқару тетігін оңға - "9" қалпына
бұраңыз.
2. Басқару тетігін сырт еткен дыбыс
естілгенше
таңбасына қарай баяу
бұраңыз.
Сол кезде екі пісіру алаңы да іске
қосылады.
3. Қажетті қызу параметрін орнату үшін,
"Қызу параметрлері" тарауын
қараңыз.
Қалдық қызуды анықтайтын шам
Қалдық қызуды анықтайтын шам пісіру
алаңы ыстық тұрған кезде жанады.
Назарыңызда болсын! Қалдық
қызуға күйіп қалу каупі бар!
Пісіру алаңы іске қосылып тұрғанда,
одан біраз уақыт сырылдаған дыбыс
естіледі. Бұл керамика шынылы
пісіру алаңдарының бәріне тән
жағдай және құрылғы дұрыс істемей
тұр дегенді білдірмейді.
ПЕШТІҢ ҮСТІ - ПАЙДАЛЫ АҚЫЛ-КЕҢЕС
Ыдыс-аяқ
Ыдыстың түбі барынша қалың, әрі
мүмкіндігінше тегіс болуға тиіс.
Эмальмен қапталған темірден
жасалған, түбі алюминий не мыс
ыдыстар, пештің керамика бетінің
түсін өзгертеді.
Қуатты үнемдеу
•Мүмкін болса, ыдыстардың
қақпақтарын әрқашан жауып
отырыңыз.
Пісіру алаңын ыдысты үстіне
қойғаннан кейін ғана іске қосыңыз.
Қалдық жылуды пайдалану үшін
пісіру алаңдарын пісіру уақыты
аяқталмай тұрып өшіріңіз.
Ыдыстардың түбі мен пісіру
алаңдарының көлемі бірдей
болуға тиіс.
6 electrolux