User manual

ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮТІП ҰСТАУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ
Құрылғыны әр пайдаланып болған
сайын тазалап отырыңыз.
Әрқашан табаны таза ыдыстарды
қолданыңыз.
Керамика бетке түскен сызаттар мен
қара дақтар құрылғының жұмысына
еш әсер етпейді.
Ластықты тазалау:
1. Дереу тазалаңыз: еріген пластик,
пластик қағаз, қант қосылған тағам.
Керамика шыныны тазалайтын
арнайы тазалағышты қолданыңыз.
Қырғышты керамика шыны бетіне
сүйір бұрыш жасау арқылы қойып,
жылжыта отырып тазалаңыз.
Келесі дақтарды тазалауға кіріспес
бұрын пешті электр желісінен
ағытып, суытып алыңыз . әк, су
дақтары, май дақтары, металдан
түскен жылтыр дақтар. Керамика
шыны немесе тоттанбайтын
болатқа арналған арнайы
тазалағыш құралдарды
қолданыңыз.
2. Құрылғыны дымқыл шүберек пен
аздап жуғыш зат қосып тазалаңыз.
3. Тазалап болғаннан кейін құрылғыны
таза шүберекпен мұқият құрғатыңыз.
Құрылғының алдыңғы жағын жуғыш
сұйық қосылған жылы суға
батырылған жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз.
Алдыңғы жағы темір құрылғыларды
тот баспайтын темірге арналған
жуғыш затпен тазалаңыз.
Жеміргіш әсері бар тазалағыштар мен
түрпілі жөкелерді пайдаланбаңыз.
ТҰМШАПЕШ- КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ
Пешті қосу және өшіру
1. Пештің функциясын басқаратын
түймешесін пеш функциясына
қойыңыз.
2. Температура түймешесін
температурға қойыңыз.
Пеш жұмыс жасап тұрған кезде қуат
шамы жанады.
Температура шамы пештің
температурасы көбейе бастаған
кезде жанады.
3. Пешті өшіру үшін пештің
функцияларын басқаратын түймеше
мен температура түймешесін Off
қалпына қойыңыз.
Пеш функциялары
Пеш функциясы Қолданылуы
OFF (сөндірулі)
қалпы
Құрылғы сөндірулі.
Пеш шамы Ешқандай пісіру функциясынсыз жанып тұрады.
Дәстүрлі пісіру
Үстіңгі және астыңғы элемент бірдей қыздырады. Пештің бір
деңгейінде пісіру және қуыру үшін.
Астыңғы
қыздырғыш
элемент
Қызу тек пештің астыңғы жағынан келеді. Қыртысы кітірлек
торттарды пісіру үшін.
Ішкі гриль
Аз мөлшердегі жалпақ тағамды сөренің ортасына қойып
грильдеуге арналған. Тостер жасау үшін.
Бүтін қақтама
Бүтін қақтама элементі қосылады. Жалпақ етіп дайындалған
тағамдардан көп мөлшерде гриль дайындауға арналған. Тостер
жасау үшін.
electrolux 7