User manual

Пеш функциясы Қолданылуы
Пицца
Тағамды пештің бір қатарына қойып қатты қызартып, түбін
қытырлақ етіп пісіруге арналған. Пеш температураларын
әдеттегіден (20-40 °C) азайтыңыз
Ауамен желпіп
пісіру
Бірнеше сөрені пайдалана отырып, бірдей температурада
пісірілуге тиіс тағамдарды иістерін бір-біріне сіңірмей қуыру,
немесе пісіру және қуыруға арналған.
Жібіту
Мұздатылған тағамды жібітеді. Температураны басқару тетігі
"сөндірулі" қалпына қойылуы керек.
Минут операторы
Кері санақ уақытын орнату үшін
қолданыңыз.
Әуелі минут операторының басқару
тетігін ("Бұйым сипаттамасы" тарауын
қараңыз) сағат бағытымен шегіне дейін
бұраңыз. Содан кейін сағат бағытына
қарсы бұрап қажетті уақытқа қойыңыз.
Уақыт аяқталғаннан кейін сигнал
естіледі де, құрылғы автоматты түрде
сөнеді. Минут операторының тетігін
қалпына, пеш функцияларын,
температурасын басқару тетіктерін OFF
(сөндірулі) қалпына қойыңыз.
Уақытты орнатпай пісіру үшін, минут
операторының басқару тетігін
қалпына қойыңыз.
Есіктің механикалық бекітпесі
Құрылғы зауыттан жеткізілгенде есіктің
бекітпесі құлыпталмай келеді.
Есік бекітпесін құлыптау: Есіктің
бекітпесін өз орнына келгенше алға
қарай тартыңыз.
Есік бекітпесін ашу: Есік бекітпесін
тақтаға қарай итеріңіз.
1
2
Құрылғы есігін ашу:
1. Есік бекітпесін итеріп, ұстап тұрыңыз.
2. Есікті ашыңыз.
Құрылғының есігін жапқанда, есіктің
бекітпесін баспаңыз!
Өте маңызды! Құрылғыны сөндіргенде,
оның есігінің механикалық бекітпесі қоса
ажырамайды.
Қауіпсіздік терморелесі
Бұл пеш(дұрыс пайдаланбау не
элементтерінің бірінің ақаулығына
байланысты)шамадан тыс қызып кету
тәрізді қатерлі жағдайдың алдын алу
үшін қуатты үзіп тастайтын қауіпсіздік
терморелесімен жабдықталған.
Температурасы төмендеген кезде пеш
автоматты түрде қайта қосылады.
ТҰМШАПЕШ - ПАЙДАЛЫ АҚЫЛ-КЕҢЕС
Назарыңызда болсын! Тағамды
пісіргенде, тіпті гриль жасаған кезде
де әрқашан пеш есігін жауып отыру
қажет.
Пісіру табалары, кәстрөлдерді т.с.с.
пештің сыры кетпес үшін оның
табанына қоймаңыз.
8 electrolux