User manual

Пештің сырын кетіріп алмас үшін
оның керек-жарақтарын салып, не
алып жатқан кезде абай болыңыз.
Пештің төрт сөре қатары бар. Сөре
қатарлары пештің астынан бастап
саналады.
Әртүрлі тағамдарды пештің екі
қатарына қойып, бір мезгілде
пісіруіңізге болады. Сөрелерді 1-ші
және 3-ші қатарға қойыңыз.
Пеш ауаны үздіксіз айдап және буды
тұрақты айналдырып отыратын
арнайы жүйемен жабдықталған. Бұл
жүйе тамақты булы ортада пісіріп,
тағамдардың ішін жұмсақ, ал сыртын
қытырлақ күйде сақтайды. Сондай-ақ,
бұл тамақ пісіретін уақыт пен қуат
шығынын барынша азайтады.
Құрылғының ішіне немесе есігінің
шынысына конденсат тұруы мүмкін.
Бұл қалыпты жағдай. Тағам пісіріліп
жатқан кезде есікті әрқашан артқа
шегініп барып ашыңыз. Бу конденсаты
аз жиналу үшін пешті тағамды пісірмей
тұрып 10 минуттай қыздырып алыңыз.
Құрылғыны әр пайдаланып болған
сайын ылғал жерлерін сүртіп
отырыңыз.
Торттарды пісіру
Торт пісіруге 150°C мен 200°C
аралығындағы температура тамаша
сай келеді.
Пісіруді бастамай тұрып пешті 10
минут қыздырып алыңыз.
Пісіру уақытының 3/4 мөлшері
өтпейінше пештің есігін ашпаңыз.
Бір уақытта екі пісіру сөресін
пайдалансаңыз, олардың арасындағы
бір қатарды ашық қалдырыңыз.
Балық пен етті пісіру
Салмағы 1 кг-нан аз болатын етті
пісірмеңіз. Тым аз етті пісіргенде ет өте
кебір болып піседі.
Қызыл еттің сырт жағын әбден, ішін
сөлімен пісіру үшін температураны 200
°C-250 °C аралығында орнатыңыз.
Үй құсының еті не балық тәрізді ақ етті
пісіру үшін температураны 150°C - 175
°C аралығында орнатыңыз.
Өте майлы тағам пісірген кезде, пеште
кетпейтін дақ қалып қоймас үшін май
жинайтын табаны қолданыңыз.
•Еттің сөлі ағып кетпес үшін, оны
турамай тұрып 15 минуттай қоя
тұрыңыз.
Тағам қуырған кезде пештің іші қатты
түтіндеп кетпес үшін, май жинағыш
табаға аздап су құйыңыз. Түтін
жиналып қалмас үшін, су кеуіп кеткен
сайын қосымшалап су құйыңыз.
Пісіру уақыты
Пісіру уақыты тағам түріне, құрамына
және мөлшеріне қарай әртүрлі болады.
Алғаш тағам пісірген кездері пісіру
үрдісіне жақсы назар аударып
отырыңыз. Осы құрылғы арқылы
пісіргенде ыдыстарыңызға, рецепт және
тағам мөлшеріне барынша сай келетін
параметрлерді(қызу параметрі, пісіру
уақыты т.с.с) тауып алыңыз.
ТАМАҚ ПІСІРУ ПАНЕЛІ
Пайдаланылатын пеш функциясын
«Әркүндік қолдану» тарауындағы
пеш функциялары тізімінен қараңыз.
Салмағы (г)
Тағам түрі Дәстүрлі
пісіру
Ауамен желпіп
пісіру
Пісіру
уақыты
минут
ЕСКЕРІМДЕР
Деңг
ей
темп.
°
C
Деңгей
темп.
°
C
Шайқап пісіру
рецептері
2 170 2 160 45 ~ 60 Тортқа
арналған
қалыпта,
сөреде
electrolux 9