User manual

Пештің керек-жарағына ластық
тұрмайтын болса, жеміргіш затпен,
өткір қырлы құралмен тазаламаңыз
немесе ыдыс жуғыш машинада
жумаңыз. Бұл оның ластық
тұрмайтын қаптамасын бүлдіреді!
Пештің есігін тазалау
Пеш есігі бірінен кейін бірі орналасқан
шыны панельдерден тұрады. Тазалау
жұмысын жеңілдету үшін пештің есігі
мен ішкі шыны панелін алыңыз.
Назарыңызда болсын! Пеш есігін
ағытып алмай тұрып, есіктің ішкі
шыны панелін алғыңыз келсе, есік
кенет жабылып қалуы мүмкін.
Назарыңызда болсын! Шыны есікті
тазаламас бұрын, шыны
панельдердің салқын тұрғандығына
көз жеткізіп алыңыз. Шыны сынып
қалуы ықтимал.
Назарыңызда болсын! Есіктің шыны
панельдеріне нұқсан келсе не сызат
түссе, шыны босап, сынып қалады.
Бұндай жағдай орын алмас үшін
оларды ауыстыру керек. Қосымша
нұсқауларды жергілікті қызмет
көрсету орталығынан алыңыз.
Пеш есігі мен шыны панельді алу
1. Есікті шегіне дейін ашыңыз да, қос
топсасынан ұстаңыз.
2. Қос топсадағы тетіктерді көтеріңіз де
бұраңыз.
3. Есікті, оны ашқан кезде оның
бастапқы қойылатын орнына дейін
жабыңыз(жол ортасына дейін).
Содан соң оны алға қарай тарту
арқылы орнынан шығарып алыңыз.
4. Есікті жұмсақ мата төселген орнықты
жерге қойыңыз.
Есіктің астыңғы жиегіндегі
бұрандаларды бұранда бұрағышпен
ағытып алыңыз
1
1
Өте маңызды! Бұрандаларды
жоғалтпаңыз
electrolux 13