User manual

Пісіру алаңдарының орналасуы
1
4
2
3
1 Қосымша оттық
2 Жартылай жылдам оттық
3 Жартылай жылдам оттық
4 Жылдам оттық
Керек-жарақтар
Пеш сөресі
Ыдыс, торт қалыптарын қою, тағам
қуыруға арналған.
Тегіс пісіру науасы
Торттар мен печеньелерге арналған.
Жалпақ алюминий таба
Торттар мен печеньелерге арналған.
Гриль дефлекторы
Грильді қолданған кезде қалқан
ретінде пайдаланылады.
Зат сақтау суырмасы
Пеш қуысынан төмен зат сақтау
суырмасы орналасқан.
Назарыңызда болсын! Құрылғы
жұмыс істеп тұрғанда зат сақтау
суырмасы ысып кетуі мүмкін.
БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
Пешті пайдаланбас бұрын, оның
ішкі және сыртқы орам
материалдарының барлығын
алыңыз. Техникалық ақпарат
тақтайшасын алмаңыз.
Сақтандыру туралы ескерту! Пештің
есігін әрқашан тұтқасының
ортасынан ұстап ашыңыз.
Алғашқы тазалау
Құрылғы ішіндегі керек-жарақтардың
барлығын алыңыз.
Құрылғыны ең алғаш пайдаланардың
алдында тазалаңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Жеміргіш тазалағыштарды
қолданбаңыз! Бұндай заттар
құрылғының бетін бүлдіруі мүмкін.
"Күтім көрсету және тазалау"
тарауын қараңыз.
Алдын ала қыздыру
Пештің ішінде қалған қалдықты күйдіріп
жіберу үшін, ең жоғары температураны
орнатыңыз да, бос пешті 45 минут
қыздырыңыз. Пештің керек-жарақтары
қалыпты жағдайда пайдаланған
кездегіден де қызып кетуі мүмкін. Осы
кезде иіс шығуы ықтимал. Бұл қалыпты
жағдай. Бөлменің жақсы
желдетілетініне көз жеткізіңіз.
ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ
Оттықты тұтату
Назарыңызда болсын! Ас үйде
ашық отты пайдаланған кезде өте
абай болыңыз. Жалынды дұрыс
пайдалану жағдайлары үшін
өндіруші жауапкершілік көтермейді
Оттықты әрқашан ыдысты қоймай
тұрып жағыңыз.
6 electrolux