User manual

5. ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ
Назарыңызда болсын!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
5.1 Оттықтарды тұтату
Назарыңызда болсын!
Ас үйде ашық отты пайдаланған
кезде өте абай болыңыз. Жалынды
дұрыс пайдаланбау салдарларының
ешбіріне өндіруші жауапты емес.
Оттықты әрқашан ыдысты қоймай
тұрып жағыңыз.
1.
Тетікті шегіне дейін басып, ең үлкен
қалыпқа
дейін бұраңыз. Тетікті басқан
кезде тұтату генераторы өздігінен
қосылады.
2.
Басқару тетігін басып шамамен 10 секунд
ұстап тұрыңыз. Сонда термоэлемент
жылиды. Бұлай істемеген жағдайда газ
беріліміне кедергі келеді.
3.
Жалынды бірқалыпты жанғаннан кейін
реттеңіз.
Егер бірнеше әрекеттен кейін оттық
жанбаса, оның шілтері мен
қақпағының дұрыс тұрғанын
тексеріңіз.
A
B
C
D
A)
Оттық табақшасы
B)
Оттық шілтері
C)
От алдырғыш
D)
Термореле
Назарыңызда болсын!
Басқару тетігін 15 секундтан артық
басып тұрмаңыз.
Егер оттық 15 секундтан кейін
жанбаса, басқару тетігін босатыңыз,
оны өшірулі қалыпқа бұраңыз да, кем
дегенде 1 минуттан кейін оттықты
тағы бір рет жағып көріңіз.
Оттықты электр құралын қолданбай
жағуға болады (мысалы, ас үйде
электр қуаты болмаған кезде). Ол
үшін, жалынды оттыққа жақын әкеліп,
тиісті басқару түймешесін басыңыз
да, оны сағат тілінің бағытына қарсы
ең көп газ шығару қалпына бұраңыз.
Егер оттық кездейсоқ сөніп қалса,
басқару түймешесін сөндірулі
қалыпқа бұраңыз да, кем дегенде 1
минуттан кейін оттықты тағы бір рет
жағып көріңіз.
Пешті орнатқаннан кейін немесе қуат
үзілісінен кейін электр қуатын қосқан
кезде, тұтату генераторы өздігінен
іске қосылуы мүмкін. Бұл қалыпты
жағдай.
5.2 Оттықты сөндіру
Отты сөндіру үшін басқару тетігін белгісіне
бұраңыз.
Назарыңызда болсын!
Кәстрөлдерді оттықтан алардан
бұрын үнемі отты азайтыңыз немесе
сөндіріп қойыңыз.
6. ПЕШТІҢ ҮСТІ - ПАЙДАЛЫ АҚЫЛ-КЕҢЕС
6.1 Қуат үнемдеу
Егер мүмкіндік болса, кәстрөлдердің
қақпағын әрдайым жабыңыз.
Сұйықтық қайнай бастағанда, оны
ақырындап қайнату үшін отты азайтыңыз.
ҚАЗАҚ 9