User manual

Электр оттықтарға қарағанда, газ
оттықтары түбі тегіс ыдыстарды қажет
етпейді: жалын ыдыстың түбін жалай
отырып оның бетін тұтас қыздырып
шығады.
Газ оттықтары үшін арнайы ыдыстар
қажет емес. Дегенмен, қабырғасы
жұқа ыдыстар, қабырғасы қалың
ыдыстарға қарағанда қызуды
ішіндегі тағамға жылдам өткізеді.
Қызу ыдыстың астыңғы жағына біркелкі
жайылмайтындықтан, тағам жартылай
ғана ысуы мүмкін. Сондықтан да,
ыдыстағы тағамның түпкі жағын жиі-жиі
араластырып отыру ұсынылады.
Түбі қалың ыдыс тағамның жартылай
ысуына жол бермейді, себебі бұл
жеткіліксіз жылудың орнын толтыруға
мүмкіндік береді.
Тым кіші ыдыстарды пайдаланбаңыз.
Кең әрі таяз ыдыстар, тар және терең
ыдыстарға қарағанда неғұрлым
қолайлы, себебі бұлар тағамды жылдам
қыздыруға мүмкіндік береді. Тар
ыдыстарды жалпақ оттықтарға қойып
пайдалану пісіруді тездетпейді.
Нәтижесінде, газ босқа шығындалады.
Дұрыс пайдалану үшін, кішкене ыдысты
кіші оттыққа, үлкен ыдысты үлкен
оттыққа қойыңыз.
Газ шығынын азайту үшін
ыдыстардың қақпағын жабуды
ұмытпаңыз.
Керамика
Түбі кең ыдыс тар ыдысқа қарағанда
тағамды тез пісіретіндігін
ұмытпаңыз.
Әрқашан пісірілетін тағамға сай
келетін ыдысты ғана пайдалануды
есте ұстаңыз.
Әсіресе, сұйық зат тез тасып
кететіндіктен сұйық зат үшін кішкене
ыдысты пайдаланбаңыз.
Сондай-ақ, жылдам пісірілуге тиіс тағам
үшін тым үлкен ыдысты да
пайдаланбаңыз. Май мен сорпа пеш
табанына тасып төгіліп тез жанып
кететінін есте ұстаңыз.
Торт пісірген кезде ашылмайтын
қалыпты пайдаланған дұрыс. Ашпалы
қалыптар шырын мен қанттың жылыстап
ағып, пеш түбіне төгіліп, сондай-ақ пісіру
табасының түбінде күйіп кетіп те
тазалауды қиындатуы мүмкін.
Назарыңызда болсын! Пластик
сапты ыдыстарды пеш ішінде
пайдаланудан сақ болыңыз, себебі
бұлар қызуға төзімді емес.
Газ шығынын азайту үшін диаметрі пеш
оттығына неғұрлым сай келетін ыдысты
пайдалануыңыз қажет.
Сонымен қатар, бұқтырылып пісірілетін
тағамның кез келгенін қақпақпен жауып,
сұйық қайнай бастаған кезде қайнау
нүктесін бірқалыпты ұстап тұру үшін
жалынның қарқынын азайтыңыз.
Пешті пайдалану
Назарыңызда болсын! Тағамды
әрқашан пеш есігін жауып пісіріңіз.
Төмен қарай ашылатын пеш есігін
ашқан кезде артқа шегініңіз. Есік
әбден ашылғанша тұтқасын
жібермей ұстап тұрыңыз, есікті
тартқаннан кейін әрі қарай еш
сүйемелсіз ашылуына жол бермеңіз.
Пештің есігін ашу үшін тұтқаны
әрқашан орта тұсынан ұстаңыз.
Пештің сөре қоюға арналған төрт қатары
бар. Сөрелердің орналасуы суретте
көрсетілгендей төменнен жоғары қарай
саналады.
12 electrolux