User manual

Конденсат және бу
Пеш ауаның табиғи түрде айналуын
және будың үнемі қайталап
пайдаланылуын қамтамасыз ететін
айрықша жүйемен жабдықталған. Бұл
жүйе тамақты булы ортада пісіруге
мүмкіндік береді және тағамдардың ішін
жұмсақ, ал сыртын қытырлақ күйде
сақтайды. Сонымен қатар тамақ пісіру
уақыты мен қуаттың тұтынылатын
мөлшері де барынша азаяды. Тамақ
пісіру барысында шығатын бу пештің
есігі ашылған кезде сыртқа шығып кетуі
мүмкін. Бұл әбден қалыпты жағдай.
Назарыңызда болсын! Дегенмен,
жиналған будың не жылудың сыртқа
шығуына мүмкіндік беру үшін тамақ
пісіру барысында немесе соңында
пештің есігін ашқан кезде әрқашан
артқа шегініңіз.
Тағам ысытылған кезде одан қайнап
жатқан шәйнектен шығатындай бу
шығады. Бу пештің есігіндегі шыныға
тиген кезде, ол шыны бетінде
жиналады да, су тамшылары пайда
болады.
Конденсатты азайту үшін пеш ішіне
тағам қоймас бұрын оны жақсылап
қыздырып алыңыз. Кез келген тамақты
пісірмес бұрын пешті әрқашан алд ын ала
сәл (10 минуттай) қыздырып алу қажет.
Біз құрылғыны әр пайдаланып болған
сайын жиналған конденсатты сүртіп
алып отыруды ұсынамыз.
Ыдыс-аяқ
230
°
C қызуға төзімді кез келген ыдыс-
аяқты пайдалануға болады.
Пісіруге арналған таба, пеш
ыдыстарын т.б. пештің арт жағындағы
желдеткіш саңылаудың торын тура
қалқалап не пештің табанына тура
қоюға болмайды.
Өлшемі 30 см - 35 см (12 дюйм - 14
дюйм)үлкен табаларды
пайдаланбаңыз, себебі олар қызудың
айналуын тежеп, құрылғы жұмысына
ықпал етуі мүмкін.
Ыдыстардың пісіру нәтижесіне тигізер
әсері
Ыдыстар мен қалбыр сауыттардың
қалыңдығы,жылу өткізгіштігі, түсі, т.б.
қасиеттері әртүрлі әрі олар жылудың
ыдыс ішіндегі тағамға өтуіне әсер етеді.
A : Алюминий, керамика, қызуға төзімді
шыны ыдыстар және жылтырақ ыдыстар
тағамды тездетіп пісіреді және оның түп
жағын да тезірек қызартады.
B : Сырлы шойын, анодталған
алюминий, іші зат жабыспайтын
материалмен қапталған алюминий және
сырты боялған сондай-ақ түсі баран
және ауыр ыдыстар тағамды баяу
пісіреді және түп жағын да баяу
қызартады.
Балық пен етті пісіру
Етті қызуға төзімді ыдыстарға
салуыңызға не пеш сөресінің үстіне тура
қоюыңызға болады. Мұндай жағдайда,
май жинайтын табаның ішіне сәл су
құйыңыз да, пештің астынан санағанда
бірінші қатарға орналастыруды
ұмытпаңыз. Май жинайтын таба еріген
майды пештің табанына ағызбай
жинайды.
Құс не балық еті тәрізді ақ етті орташа
температурада(150
°
C мен 175
°
C
аралығында)пісіру қажет. Егер қызыл
етті пісіру қажет болса(сыртын сәл
қызартып ортасын жұмсақ етіп пісіру
үшін) жоғарғы температураны (200
°
C
пен 230
°
C аралығы) аз уақыт пайдалану
ұсынылады.
Пісіру
Торттарды әдетте орташа
температурада(150
°
C мен 200
°
C
аралығында)пісіру қажет.
Торт не пісірмелерді пісірер алдында
пешті алдын ала сәл (10 минуттай)
қыздырып алу қажет. Пісіру басталып
кеткен соң, пісіру аяқталғанша пеш есігін
жабық ұстаңыз да пісіру нәтижесін пеш
есігінің терезесі арқылы бақылап
отырыңыз.
Грильдеу
Егер ет не балықты грильдеу қажет
болса, олардың үстіне сәл май жағып
барып сөреге тура қойыңыз.
14 electrolux