User manual

Electrolux. Thinking of you.
Біздің басқа идеяларымызбен www.electrolux.com веб-
сайтынан танысыңыз.
Мазмұны
Жалпы мағлұмат бөлімдері 2
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар 4
Қосымша жабдықтар 5
Жұмыс жүйесі туралы нұсқаулар 6
Электронды бағдарламалаушы 8
Бірінші қолданғанға дейін 11
Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер
11
Күту менен тазалау 19
Не істерсіңіз, егер... 23
Техникалық сиппатама 24
Орнату 25
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
Жалпы мағлұмат бөлімдері
Өте маңызды! Құрылғыны орнатып не
пайдаланбас бұрын, нұсқаулықта
берілген ескертулерді мұқият оқып
шығуға ТИІССІЗ. Көмек қажет болған
жағдайда, біздің тұтынушыларға қызмет
көрсету орталығымызға хабарласыңыз.
Орнату
Құрылғыны орнату жұмыстарының
барлығын білікті де уәкілетті мамандар
қолданыстағы ережелереге сай
жүзеге асыруға тиіс.
Құрылғыны орнату үшін бөлмедегі
электр желісіне қандай да бір өзгеріс
енгізу қажет болса, бұл жұмысты тек
білікті маман ғана жүзеге асыруға тиіс.
Тасымалдау барысында құрылғыға еш
нұқсан келмегенін тексеріп алыңыз.
Бүлінген құрылғыны ешқашан желіге
қоспаңыз. Құрылғыңыз бүлініп қалса,
онда сатушыға хабарласыңыз.
Бұл құрылғыға қандай да бір өзгеріс
енгізу, не оны өзгертіп әлденеге
бейімдеу қатерлі жағдайларға
ұшыратады.
Құрылғыны тұтанғыш заттарға
(мысалы, терезе пердесі, сүлгі
т.б.)таятып орнатудан қашық
болыңыз.
Бұл пештің салмағы ауыр. Оны
жылжытқан кезде абай болыңыз.
Бұл құрылғыны тағанның үстіне
орнатуға болмайды.
Пешті пайдаланбас бұрын
орауыштарының барлығын алыңыз.
Оның кейбір бөліктері соққыға төтеп
бере алатын пластик таспамен
қорғалған. Пластик таспалардың
барлығын құрылғыны іске қоспай
тұрып алыңыз да, таспа жанасқан
бөліктердің барлығын аздаған жуғыш
зат салынған жылы суға жұмсақ
шүберекті батырып, әбден сығып
алғаннан соң сүртіп алуды ұмытпаңыз.
Газ және электр қуатымен қамтамасыз
ету, газбен жабдықтау құбырының
маңындағы тақтайшада көрсетілген
талаптарға сай келетіндігін тексеріңіз.
Бала қауіпсіздігі
Бұл құрылғыны физиологиялық,
сезімдік не болмаса ақыл-ой деңгейіне
байланысты не пеш жұмысына
қатысты тәжірибесі мен білімінің
аздығына байланысты пайдалана
алмайтын адамдар (балаларды қоса
алғанда), пешті пайдалану туралы
ерекше нұсқауларды алмайынша не
олардың қауіпсіздігін қамтамасыз
ететін адамның қадағалауынсыз
пайдаланбауға тиіс.
Бұл пеш тек ересек адамдар
пайдалану үшін ғана арналған.
Балаларға пештің қасында не онымен
ойнауға рұқсат бермеңіз.
Іске қосылып тұрған пеш ысып кетеді.
Пеш суығанша балаларды одан аулақ
ұстау керек.
Балалар таба не кастрюльдерді
пештен тартып қалып та өздерін
жарақаттап алуы мүмкін.
2 electrolux