User manual

шығырығындағы саңылаулардың бітеліп
қалмағанын тексеріңіз.
Пешті тазалау
Назарыңызда болсын! Бұл пешті
әрқашан таза ұстау керек. Жиналған
май не тағам өрт қатерін тудырады,
әсіресе гриль табасында бұл
қатердің орын алу ықтималдығы
жоғары.
Пешті пайдаланып болған соң оның
қуысын жылы тұрған кезінде мұқият
тазалап алыңыз. Сонымен қатар, тоңмай
не шырын дағы, қант түйірлері не май
тәрізді заттардан қалған қалдықты осы
кезде тазалап алған жеңіл.
Тазалғыш зат қосылған су не пеш
бүріккіштердің сай келетін бірін
пайдалануға болады.
Назарыңызда болсын! Көмескі темір
беттерге бүріккішті тура шашпаңыз,
себебі бұл оларды бүлдіруі мүмкін
және әрқашан өндіруші нұсқауларын
орындаңыз.
Пештің керек-жарақтарын тазартқыш зат
пен жылы сумен тазалаңыз.
Қабыршықтанып жабысқан қақты аздап
жеміргіш ұнтақ арқылы кетіріңіз.
Назарыңызда болсын! Пештің ешбір
бөлшегін алюминий қаңылтырмен
қаптамаңыз. Бұл пісіру нәтижесіне
әсер ететін және пештің сырлы бетін
бүлдіретін қызудың жиналуына
себеп болуы мүмкін.
Тазалағыш материалдар
Қандай да бір тазалағыш затты пешті
тазалау үшін пайдаланбас бұрын
олардың жарамдылығын әрі осы өнімді
өндірушінің оларды ұсынатын не
ұсынбайтынын тексеріп алыңыз.
Құрамында ағартқыш қоспасы бар
тазалағыш заттар пештің беткі
қабатының өңін солғын
тарттыратындықтан, оларды
қолданбаған жөн. Қатты түрпілі заттарды
да қолданудан сақ болыңыз.
Назарыңызда болсын! Осы
құрылғыны тазалау үшін буды
немесе бумен тазалағыш аспапты
ешқашан пайдаланбаңыз.
Сыртын тазалау
Назарыңызда болсын! Басқару
панелін, пеш есігін, оның
тығыздағышын аздаған жуғыш зат
салынған жылы суға жұмсақ
шүберекті батырып, әбден сығып
алғаннан соң уақтылы сүртіп отыру
керек.
Пеш есігінің шыны панеліне нұқсан
келіп не босап қалмас үшін келесі
заттарды пайдаланбаңыз:
Тұрмыста қолданылатын жуғыш
заттар мен ағартқыштар
Түбі күймейтін кәстрөлдер үшін
жарамайтын арнайы зат сіңірілген
тазалағыш мата
Маталар не темір жөкелер
Химиялық пеш тазартқыштар не
бүріккіш
Тот кетіргіштер
Ванна/Раковина дақ кетіргіштері
Есіктің сыртқы және ішкі шынысын
сабынды жылы сумен тазалаңыз. Есіктің
ішкі шынысы аса қатты ластанып кетсе,
"Hob Brite" не "Bar Keepers Friend" тәрізді
тазалағыш заттарды пайдалану
ұсынылады.
Пештің есігін тазалау
Пештің есігін тазаламас бұрын оны
пештен ағытып алуды ұсынамыз.
Назарыңызда болсын! Пешті
тазалар алдында оның салқын
тұрғандығына және электр желісінен
ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
Төмендегі әрекетті орындаңыз:
1. пештің есігін түгел ашыңыз
2. есікті пешке жалғап тұрған
топсаларды табыңыз
20 electrolux