User manual

3. екі топсада орналасқан кішкене
тетіктерді ағытыңыз да, бұраңыз
4. есікті сол жағы ме оң жағынан қос
қолдап ұстаңыз да, оны жартылай
жабылғанша пешке қарай ақырын
бұрыңыз
5. пештің есігін орнынан еппен тартып
шығарыңыз
6. оны орнықты жерге қойыңыз.
Өте маңызды! Пеш есігінің шынысын тек
қана жылы сумен және жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз. Ешқашан да
қатты ысқыш заттарды пайдаланбаңыз.
Тазалап болғаннан кейін, осы
қадамдарды кері ретпен қайталап,
пештің есігін орнына салыңыз.
Назарыңызда болсын! Пеш есігінің
шыны панелі жылы күйде тұрғанда
есікті ешқашан тазаламаңыз. Егер
бұл сақтық шарасы сақталмаса,
шыны панель сынып кетуі мүмкін.
Пеш терезесінің бір жері сынып не
оған сызат түссе, шыны босап
қалатындықтан, оны сынып қалмас
үшін ауыстыру қажет. Жергілікті
қызмет көрсету орталығына
хабарласып, осыдан кейін қандай
шара қолдану қажеттігі туралы кеңес
алыңыз.
Пештің беттерін тот баспайтын болат не
алюминий үлгілеріне қатысты
Біз пештің есігін тек дымқыл жөкенің
көмегімен тазалап, содан кейін жұмсақ
шүберекпен құрғатып сүртуді ұсынамыз.
Болат жөке, қышқыл не түрпілі заттарды
ешқашан пайдаланбаңыз, себебі олар
құрылғының бетін бүлдіреді.
Пештің басқару панелін де осы сақтық
шараларын қолдана отырып тазалаңыз.
Пештің дұрыс жұмыс жасауын, оның
қуысының жиегін айнала орналасқан
тығыздағыш қамтамасыз етеді.
Осы тығыздағыштың қандай жағдайда
екендігін мезгіл-мезгіл тексеріп
отырыңыз. Егер қажет болса, оны түрпілі
заттан басқа затпен тазалаңыз.
Егер тығыздағышқа нұқсан келгенін
байқасаңыз, жергілікті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Тығыздағышты жөндемейінше пешті
пайдаланбаңыз.
Пеш сөрелері мен сөре тірегіштері
Назарыңызда болсын! Пешті
тазалар алдында оның салқын
тұрғандығына және электр желісінен
ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
Пеш сөрелерін тазалау үшін оны
сабынды жылы суға салып жібітіп, қатып
жабысып қалған қалдықтарын сұйық
сабын сіңірілген жөкемен ысып кетіріңіз.
Шайыңыз да жұмсақ шүберекпен мұқият
құрғатыңыз.
electrolux 21