User manual

Сөре тірегіштерді алу арқылы оңай жууға
болады:
1. Алдыңғы бұранда шегені сөре
тірегішін орнынан алмай тұрып,
екінші қолыңызбен ағытып алыңыз
2. Артқы ілгекті ағытыңыз да, сөре
тірегішті алыңыз. Пештің екінші
жағында да осы әрекеттерді
қайталаңыз
3. Тазалап болғаннан кейін, осы
қадамдарды кері ретпен қайталап,
сөре тірегіштерін өз орындарына
салыңыз.
Сөре тірегіштерді орындарына салған
кезде бұранда тығырығының берік
тұрғандығын тексеріп алыңыз.
Назарыңызда болсын! Сөренің
телескопиялық тірегіштерін
ешқашан ыдыс жуғыш машинаға
салып жумаңыз.
Назарыңызда болсын! Сөре
тірегіштерін тазалаған кезде,
телескопиялық сырғытпалардың
артқы жағындағы майды сүртіп
кетіруші болмаңыз. Бұл олардың
дұрыс жұмыс жасауы үшін қажет.
Басқару тетіктері - басқа жабдықтар
Газ жалғанатын иілімді құбырдың
жағдайын мезгіл-мезгіл тексеріп
отырыңыз, және ақаулығы байқалған
бетте білікті маманға ауыстыртыңыз.
Бұны жыл сайын бір рет ауыстырып
отыру ұсынылады.
Пеш шамын ауыстыру
Назарыңызда болсын! Құрылғыны
электр желісінен ажыратыңыз.
Егер пештің шамын ауыстыру керек
болса, ол төмендегі сипаттамаларға сай
келуге тиіс: электр қуаты, 15 Вт/25 Вт;
электр кернеуі, 230 В (50 Гц); 300
°
C
температураға төзімді; қосылым түрі: E
14. Бұл шамдарды жергілікті қызмет
көрсету орталығынан алуға болады.
Күйіп кеткен шамды ауыстыру үшін:
1. Пешті электр желісінен міндетті түрде
ажыратыңыз.
2. Шыны қалпағын сағат бағытына
қарсы бұраңыз.
3. Ақаулы шамды бұрап алыңыз да,
орнына жаңасын салыңыз.
22 electrolux