User manual

Жұмыс жүйесі туралы нұсқаулар
Газ пешін басқаратын түймешелер
Пештің үстіндегі газ оттықтарын
басқаратын түймешелер басқару
панелінде орналасқан. Басқару
түймешелерін кіші жалын белгішесіне
қою үшін сағат бағытына қарсы бұрап
және керісінше бұрау арқылы үлкен
жалын белгішесіне қоюға болады.
Ешбір газ берілмей тұр
Газдың ең көп мөлшерде берілуі
Газдың ең аз мөлшерде берілуі
Газ оттықтарды тұтату
Оттықтарды тұтату үшін табаны пеш
үстіне қоймай тұрып:
1.
кішкене ұшқын
белгішесі бар
электр қуатымен от тұтататын
құралды басыңыз
2. тиісті басқару түймешесін шегіне
дейін басыңыз да, оны сағат
бағытына қарсы бұрап ең жоғарғы
қалпына (
) әкеліп қойыңыз;
3. түймешені 5 секундтай басып ұстап
тұрыңыз; бұл терморелені қыздырып,
қауіпсіздік құралын өшіріп қоюға
мүмкіндік береді, әйтпесе газдың
үздіксіз беріліп тұруына кедергі келеді
4. отты тұтатқан соң жалынды
қажетінше ұлғайтып не азайтуға
болады
Егер бірнеше рет әрекеттенгенге
қарамай отты тұтата алмасаңыз,
оттықтың шығырығы мен табақшасының
дұрыс тұрған-тұрмағанын тексеріңіз.
2
1
3
4
1 Оттық табақшасы
2 Оттық шығырығы
3 Ұшқын шығаратын құрал
4 Термо-жұп
Газдың берілуін тоқтату үшін түймешені
сағат бағытымен бұрап
қалпына
қойыңыз.
Назарыңызда болсын! Басқару
түймешесін 15 секундтан артық
басып тұрмаңыз. Егер пеш оттығы
15 секундтан соң да от алмаса,
басқару түймешесін босатыңыз да,
оны "Off" қалпына қойып, оттықты
қайта тұтатпас бұрын кем дегенде 1
минут күтіңіз.
Назарыңызда болсын! Өрт шығу
қаупі бар! Қатты ысыған тоңмай не
сұйық май тез тұтанып кетеді.
Оттықты қолмен тұтату
Оттықты қолмен тұтатқан кезде(электр
қуаты өшкен жағдайда) жалынды
оттыққа таятып ұстаңыз. Басқару
түймешесін ешқашан шырпы жалынын
оттыққа таятып алмайынша бұрамаңыз.
Пештің үстіңгі қақпағы
Жабық тұрған қақпақ пештің үстін шаң
тұрып қалудан қорғаса, ашық тұрған
кезде май шашырандыларын жинайтын
роль атқарады. Қақпақты ешбір басқа
мақсатта қолданбаңыз.
Қақпақты ашпас бұрын ондағы сұйық
шашырандыларын әрқашан сүртіп алып
отырыңыз.
6 electrolux