User manual

бағдарламаны жадыға сақтамай тұрып
орнатыңыз.
Жадыға бір уақытта 1 бағдарламаны ғана
сақтауға болады. Жаңа параметр алдыңғы
параметрді өшіреді.
Кешіктіріп бастау функциясын MyFavourite
бағдарламасымен бірге сақтау немесе
MyFavourite бағдарламасын кешіктіріп бастау
мүмкін емес,
1. Option түймешігін басыңыз.
2. Сенсорлық түймешіктердің біреуін басып
MyFavourite орнатыңыз параметріне
барыңыз.
3. OK түймешігін басыңыз. Бейнебетте
бағдарламаның мәзірі көрсетіледі.
4. Бағдарламаны таңдап, содан кейін OK
түймешігін басып растаңыз.
Multitab
Бұл параметр шайғыш зат пен тұзды ағызбай
тоқтатады. Қайта толтыруға қатысты
хабарлар сөндірулі тұрады.
Бағдарламаның уақыты ұзарады.
Қосу : Multitab қосылады.
Өшіру : Multitab ажыратылған.
Қосу+Шайғыш зат : Multitab және шайғыш
зат үлестіргіші қосылады.
Бала құлпы функциясын қосу
Бұл функция бағдарлама жұмыс істеп тұрған
кезде, басқару панеліндегі сенсорлық
түймешіктерді балалардың басуына жол
бермейді.
Бала құлпы функциясын ECO 50°
бағдарламасымен бірге қосқанда, AutoOpen
автоматты түрде сөнеді.
1. Бағдарлама басталғаннан кейін Program
және Back түймешіктерін бірге басыңыз.
Бейнебетте Бала құлпы қосулы екенін
көрсететін хабар пайда болады.
Бала құлпы функциясын сөндіру үшін
әрекетті қайталаңыз.
AutoOpen
Бұл функция ECO 50° бағдарламасын
орнатқан кезде автоматты түрде іске
қосылады.
Бұл функцияны басқа бағдарламаларда
орнату мүмкін емес.
Кептіру циклы жұмыс жасап тұрған кезде,
тетік құрылғының есігін ашып, оны
ашыңқырап ұстап тұрады.
Бағдарламаның соңында тетік пен
құрылғының есігі тартыла бастайды.
Құрылғы автоматты түрде сөнеді.
Сақтандыру туралы ескерту!
Тетік құрылғының есігін ашып ұстап
тұрған кезде, құрылғының есігін
жаппауға тырысыңыз. Бұл құрылғыны
бүлдіруі мүмкін.
Егер AutoOpen функциясын ажыратқыңыз
келсе, функция мәзіріне барыңыз да,
сөндіріңіз.
Бұндай жағдайда бағдарлама пайдаланатын
қуаттың мөлшері көбейе түседі.
6. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
1. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/сөндіру
түймешігін басыңыз.
2. Тілді орнатыңыз. Ағылшын тілі әдепкі тіл
болып табылады.
Ағылшын тілін растау үшін OK
түймешігін басыңыз.
Басқа тілді таңдау үшін шарлау
түймешіктерінің бірін басыңыз да,
44
www.electrolux.com