User manual

4.13 Сусындарды тез салқындату (QuickChill)
Бұл функция сусындарды жылдам
салқындатады.
Функцияны іске қосу үшін:
1.
NaturaFresh тартпасын алыңыз немесе
жоғары жылжытыңыз, шөлмек сөресін
суретте көрсетілгендей QuickChill
ұяшықтарының алдына қойыңыз.
2.
Шопинг функциясын іске қосыңыз.
3.
Шопинг индикаторы жанады.
4.
Қалқанды суретте көрсетілгендей жоғары
жылжытыңыз.
Функцияны ажырату үшін:
1.
Қалқанды төмен жылжытыңыз.
2.
Шопинг функциясын ажыратыңыз.
3.
Шопинг индикаторы өшеді.
Функция бірнеше сағаттан кейін
автоматты түрде сөнеді.
4.14 Мұздатқыш себеттерді мұздатқыштан алу
2
1
Мұздатқыш себеттер, кездейсоқ алынып
қалуға немесе құлап кетуге жол бермейтін
тіреуішпен жабдықталған. Оны мұздатқыштан
алу үшін, себетті өзіңізге қарай тартыңыз да,
шегіне жеткен кезде себеттің алдыңғы жағын
жоғары көтеріп қалыңыз.
Қайта орнына қою үшін, себеттің алдыңғы
жағын ақырын ғана көтеріп мұздатқышқа
салыңыз. Шеткі жақтарын келтіріп салғаннан
кейін, себеттерді өз орындарына қарай
итеріңіз.
5. ПАЙДАЛЫ НҰСҚАУЛАР МЕНЕН КЕҢЕСТЕР
5.1 Қалыпты жұмыс кезінде
естілетін шуыл
Тоңазытқыш сұйық түтікшелер арқылы
аққан кезде әлсіз сырылдаған немесе
көпіршіп жатқан тәрізді шуылдар естілуі
мүмкін. Бұл дұрыс.
Компрессор қосылып тұрған кезде,
тоңазытқыш сұйық жан-жаққа таралады да,
компрессордан сырылдаған, сондай-ақ
дірілдеген дауыс шыққанын естисіз. Бұл
дұрыс.
Жылу әсерінен кеңею орын алған кезде,
кенет тырс-тырс еткен шуыл естілуі мүмкін.
Бұл қалыпты жағдай, қауіпті физикалық
феномен емес. Бұл дұрыс.
Компрессор қосылғанда немесе өшкенде,
температура түймешесінің ақырын "сырт"
еткенін естисіз. Бұл дұрыс.
14
www.electrolux.com