User manual

Тоңазытқыш немесе мұздатқыш
бөлікті таңдағаннан кейін жандану
басталады
Температураны таңдағаннан кейін
жанданған белгі бірнеше минут
жыпылықтайды.
3.2 Іске қосу
Құрылғыны қосу үшін мына әрекеттерді
орындаңыз:
1.
Ашаны розеткаға сұғыңыз.
2.
Бейнебет сөніп қалса, ON/OFF түймешігін
басыңыз.
3.
Егер бейнебетте "Demo" көрсетілсе,
құрылғы демо-режимде тұр. "Ақаулықты
түзету..." тарауын қараңыз.
4.
Бірнеше секундтан кейін ескерту құралы
сигнал береді. Ескерту құралын бастапқы
қалпына қайтару үшін, "Жоғары
температураны ескерту" тарауын
қараңыз
5.
Температура индикаторлары орнатылған
әдепкі температураны көрсетеді.
Орнатылған басқа температураны таңдау
үшін "Температураны реттеу" тарауын
қараңыз.
Егер есік бірнеше минут ашық қалса,
шам автоматты түрде сөнеді. Шам
есіктің өзінің ашылып-жабылуы
арқылы бастапқы қалпына қойылады.
3.3 Өшіру
Құрылғыны сөндіру үшін мына әрекеттерді
орындаңыз:
1.
Құрылғы ON/OFF түймешігін 3 секунд
басыңыз.
2.
Бейнебет сөнеді.
3.
Құрылғыны электр желісінен ағыту үшін
ашаны розеткадан суырыңыз.
3.4 Тоңазытқышты сөндіру
Тоңазытқышты сөндіру үшін:
1.
Fridge Compartment түймешігін бірнеше
секунд басыңыз.
2.
Тоңазытқыш OFF индикаторы
көрсетіледі.
3.5 Тоңазытқышты іске қосу
Тоңазытқышты іске қосу үшін:
1.
Fridge Compartmentтүймешігін басыңыз.
Тоңазытқыш OFF индикаторы сөнеді.
Орнатылған басқа температураны таңдау
үшін "Температураны реттеу" тарауын
қараңыз.
3.6 Температураны реттеу
Тоңазытқыш немесе мұздатқыш бөлікті
таңдаңыз.
Температураны орнату үшін температура
түймешігін басыңыз.
Орнатылған әдепкі температура:
тоңазытқыш үшін +4°C
•мұздатқыш үшін -18°C
Температура индикаторлары орнатылған
температураны көрсетеді.
Таңдалған температура 24 сағат ішінде
орнайды.
Электр қуаты үзіліп қалса,
орнатылған температура сақтаулы
қалады.
3.7 Тоңазытқыш және Мұздатқыш
бөлікке арналған EcoMode режимі
Тағамды барынша оңтайлы сақтау үшін
EcoMode режимін таңдаңыз.
Функцияны іске қосу үшін:
1.
Тоңазытқыш/мұздатқыш бөлікті
таңдаңыз.
2.
Mode түймешігін тиісті белгі
көрсетілгенше басыңыз.
EcoMode индикаторы бірнеше секунд
жыпылықтайды.
Температура индикаторы орнатылған
температураны көрсетеді:
тоңазытқыш үшін: +4°C
мұздатқыш үшін: -18°C
3.
EcoMode индикаторы көрсетіледі.
Функцияны ажырату үшін:
1.
Тоңазытқыш/мұздатқыш бөлікті
таңдаңыз.
2.
Mode түймешігін EcoMode индикаторы
жыпылықтағанша басыңыз.
3.
EcoMode индикаторы сөнеді.
Функция басқа орнатылған
температураны таңдаған кезде
ажыратылады.
ҚАЗАҚ 7