User manual

тек аздаған жуғыш зат салынған жылы
сумен тазалау ұсынылады.
Тазалап болған соң құрылғыны электр
желісіне қайта қосыңыз.
Тоңазытқыш қырауын еріту
Құрылғыны қалыпты пайдалану кезінде
тоңазытқыш камерасының
буландырғышындағы қырау, мотор
компрессоры тоқтаған сайын автоматты
түрде жойылып отырады. Еріген су
құрылғының артындағы, мотор
компрессорының үстіндегі арнайы
контейнердегі түтікше арқылы
жиналады да, осы жерде буға
айналады.
Су тасып төгіліп тамақтардың
үстіне
ақпас үшін тоңазытқыш ортасындағы
каналдағы еріген суды ағызатын тесікті
мезгіл-мезгіл тазалап отырған дұрыс.
Арнайы берілген тазалағышты
пайдаланыңыз, оны су ағызатын
тесіктен таба аласыз.
Тоңазытқыш қырауын еріту
Осы үлгідегі мұздатқыш камера, екінші
жағынан алғанда "еш қырау тұрмайтын"
түрге жатады. Бұл құрылғы
пайдаланылып тұрғанда құрылғының
ішкі қабырғаларына да, тағамдырдың
үстіне де еш қырау тұрмайды дегенді
білдіреді.
Қыраудың болмауы автоматты түрде
басқарылатын желдеткіштің көмегімен
құрылғы ішінде үздіксіз айналыстағы
суық ауаның болуына байланысты.
Ұзақ уақыт бойы пайдаланбау
Құрылғы ұзақ уақыт бойы
пайдаланылмайтын жағдайда
мына
сақтық шараларын орындаңыз:
құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз
барлық тағамдарды шығарыңыз
егер қажет болса
10)
құрылғы мен
оның керек-жарақтарын тазалаңыз
жағымсыз иіс пайда болмас үшін есік/
есіктерді ашық қалдырыңыз.
Егер құрылғы пайдаланылып тұратын
болса, электр қуаты өшіп қалған
жағдайда ішіндегі тағам бұзылып кетпес
үшін басқа бір адамның арасында бір
рет бақылап қойып отыруын сұраңыз.
НЕ ІСТЕРСІҢІЗ, ЕГЕР...
Назарыңызда болсын! Ақаулық
себебін іздестірмес бұрын ашаны
розеткадан суырып алыңыз.
Осы нұсқаулықта көрсетілмеген
ақаулық түрін тек білікті маман не
білікті адам ғана іздестіруге тиіс.
Өте маңызды! Қалыпты жұмыс кезінде
біраз шуыл (компрессор, салқындатқыш
сұйықтың айналуы) естіліп тұрады.
10) Жібітіңіз.
electrolux 23