User manual

тамақты жəне/немесе сусындарды
сақтау үшін арналған.
Жібіту үдерісін жылдамдату
мақсатында ешқандай механикалық
немесе кез келген басқа жасанды
құралды пайдаланушы болмаңыз.
Өндіруші рұқсат бермеген болса,
тоңазытқыш құрылғылардың ішіне
басқа электр құрылғыларды
(балмұздақ жасайтын құрылғы
сияқты) салып қолданушы болмаңыз.
Салқындатқыш зат ағатын жүйеге
зақым келтірмеңіз.
Құрылғының салқындатқыш зат
ағатын жүйесінде изобутан (R600a)
жəне қоршаған ортамен
сыйысымдылығы жоғары, бірақ сонда
да жанғыш зат болып табылатын,
табиғи газ болады.
Құрылғының тасымалдау жəне орнату
кезінде салқындатқыш зат жүйесіне
зақым келтірілмейтініне көз жеткізіңіз.
Салқындатқыш зат жүйесі
зақымдалса:
жалын от пен тұтату көздері
болмауы тиіс
құрылғы орналасқан бөлмені
жақсылап желдетіңіз
Осы өнімді немесе оның техникалық
сипаттамаларын өзгерту қауіпті.
Сымға зақым келсе, қысқа тұйықталу,
өрт
шығу жəне/немесе тоқ соғу қатері
орын алады.
Назарыңызда болсын! Кез келген
электрлік бөлшектерін (қуат сымы,
аша, компрессор), қатерлі жағдай
орын алмас үшін, куəлігі бар қызмет
көрсетуші маман немесе білікті
техник маман ауыстыруға тиіс.
1. Қуат сымын ұзартуға болмайды.
2. Қуат ашасын құрылғының артқы
жағының жаншып немесе бүлдіріп
тастамағанына көз жеткізіңіз.
Жаншылған немесе бүлінген қуат
сымы қатты қызып кетіп, өртке
ұласуы мүмкін.
3. Құрылғы
ашасының қол жететін
жерде тұрғанына көз жеткізіңіз.
4. Қуат сымынан ұстап тартпаңыз.
5. Қуат ашасының розеткасы бос
тұрса, қуат ашасын сұқпаңыз.
Электр тоғы соғу немесе өрт
шығуы мүмкін.
6. Құрылғыны ішкі жарықтама
шамының қақпағы (егер бар
болса) жабылмаса іске қосуға
болмайды.
Бұл құрылғының салмағы ауыр.
Жылжытқан кезде абай болыңыз.
Қолыңыз су болса, мұздатқыш
камерадағы
заттарды алмаңыз жəне
оларға тимеңіз, себебі қолыңыздың
терісі сыдырылып немесе қырылып
кетуі мүмкін.
Құрылғыны күн сəулесі тура түсетін
жерге ұзақ уақытқа қоймаңыз.
Осы құрылғыда тек тұрмыстық
құрылғыларда пайдалануға арналған
арнайы шамдар (егер бар болса) ғана
қолданылған. Олар үйді
жарықтандыру үшін қолдануға
жарамайды.
КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ
Ыстық ыдысты құрылғы ішіндегі
пластик жерлерге қоймаңыз.
Құрылғы ішіне тұтанғыш
газ бен
сұйықты қоймаңыз, себебі олар
жарылып кетуі мүмкін.
Тағамдарды артқы қабырғадағы ауа
шығатын саңылауға қарама-қарсы
қоюға болмайды. (Егер құрылғыға мұз
қатпайтын болса)
Мұздатылған тағамды жібітіп алған
соң оны қайта мұздатуға болмайды.
Алдын ала оралған тағамды
мұздатылған тағам өндірушінің
нұқсауларына сай сақтаңыз.
Құрылғы өндірушінің тағам сақтауға
қатысты ұсыныстарын қатаң орындау
керек. Тиісті нұсқауларға
қараңыз.
Көмірқышқылдандырылған не
көпіршитін сусындарды тоңазытқыш
камераға қоймаңыз, себебі ыдысқа
түскен қысым оның жарып,
нəтижесінде құрылғыға нұқсан келуі
мүмкін.
Мұздақтарды тоңазытқыштан алған
бетте пайдаланғанда аяз қарып
жіберуі мүмкін.
electrolux 17