User manual

1. Шопинг индикаторы
жыпылықтағанша Mode түймешігін
басыңыз.
2. Құптау үшін OK түймешігін басыңыз.
3. Шопинг индикаторы өшеді.
4. Алдын ала таңдалған Eco Mode
функциясы қайта қалпына
келтіріледі.
Өте маңызды! Функция
тоңазытқыштың басқа орнатылған
температурасын таңдау арқылы
ажыратылады.
ACTION FREEZE ФУНКЦИЯСЫ
Функцияны іске қосу үшін:
1. Тиісті белгіше пайда болғанша
Mode түймешігін басыңыз.
Action Freeze индикаторы
жыпылықтайды.
Мұздатқыш температурасының
индикаторы
белгішесін бірнеше
секунд көрсетеді.
2. Құптау үшін OK түймешігін басыңыз.
Action Freeze индикаторы
көрсетіледі.
Анимация басталады.
Бұл функция 52 сағат өткенде
автоматты түрде тоқтайды.
Функцияны автоматты түрде сөніп
қалмай тұрып өшіру үшін:
1. Mode түймешігін Action Freeze
индикаторы жыпылықтағанша
басыңыз.
2. Құптау үшін OK түймешігін басыңыз.
3. Action Freeze индикаторы өшеді.
4. Алдын ала таңдалған Eco Mode
функциясы қайта қалпына
келтіріледі.
Өте маңызды! Функция мұздатқыштың
басқа орнатылған
температурасын
таңдау арқылы ажыратылады.
ЖОҒАРЫ ТЕМПЕРАТУРАНЫ
ЕСКЕРТУ СИГНАЛЫ
Мұздатқыш камераның
температурасының көтерілуі (мысалы,
электр қуаты үзіліп қалуы себепті)
төмендегілер арқылы көрсетіледі:
ескерту сигналы мен мұздатқыш
температурасының индикаторлары
жыпылықтайды
дыбыстық сигнал естіледі.
Ескерту сигналын қалпына келтіру үшін:
1. Кез келген түймешікті басыңыз.
2. Дыбыстық сигнал ажыратылады.
3. Мұздатқыш температурасының
индикаторы ең жоғары
температураны бірнеше секунд
көрсетеді. Содан
кейін орнатылған
температураны қайтадан көрсетеді.
4. Ескерту индикаторы қалыпты
жағдайлар қалпына келгенше
жыпылықтап тұрады.
Ескерту сигналы тоқтаған кезде,
ескерту индикаторы сөнеді.
БІРІНШІ ҚОЛДАНУ
ІШІН ТАЗАЛАУ
Құрылғыны ең алғаш пайдаланбас
бұрын, жаңа бұйымға тəн иісті арылту
үшін оның іші мен ішкі керек-
жарақтарын сəл нейтрал сабын
салынған жылы сумен жуып, содан соң
мұқият құрғатыңыз.
Өте маңызды! Жуғыш зат не жеміргіш
ұнтақтарды пайдаланбаңыз, бұл
құрылғының сыртқы қабатына зиян
келтіреді.
ƏРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
ЖЫЛЖЫМАЛЫ СӨРЕЛЕР
Тоңазытқыштың қабырғасында
сөрелерді қажетті қатарға
орналастыруға арналған бірнеше
бағыттағыш жолдар бар.
22 electrolux