User manual

мұздатылған тағамдарды ұзақ уақыт
сақтауға жарайды.
Жаңа тағамды мұздату үшін Action
Freeze функциясын, мұздатылатын
тағамды мұздатқыш камераға қоярдың
алдында, кем дегенде 24 сағат бұрын
қосыңыз.
Мұздатылуға тиіс жаңа тағамды
астыңғы камераға қойыңыз.
24 сағат ішінде мұздатуға болатын
тағамның ең көп мөлшері құрылғының
ішіндегі техникалық ақпарат
тақтайшасында көрсетілген.
Мұздату үрдісі 24 сағатқа созылады:
осы уақыт аралығында тоңазытқыңыз
келген басқа тағамды
қосып салмаңыз.
МҰЗДАТЫЛҒАН ТАҒАМДЫ
САҚТАЙТЫН КАМЕРА
Құрылғыны ең алғаш қолданғанда не
ұзақ уақыт пайдаланбағаннан кейін
қосқан кезде, камераға тамақ салмас
бұрын құрылғыны ең кем дегенде 2
сағат ең жоғарғы параметрлерге қойып
жұмыс істетіп алыңыз.
Өте маңызды! Кездейсоқ еріп кету,
мысалы электр қуаты өшіп, ток
техникалық сипаттамалар
кестесіндедегі "көтеру уақыты"
бөлімінде берілген мəндерден де ұзақ
уақыт бойы
қосылмай тұрса, еріп кеткен
тағамды жылдам пайдаланып не дереу
пісіріп алып барып қайта тоңазыту
(салқындатқан соң) қажет.
ЖІБІТУ
Мұздатылған не тоңазытылған тағамды
қажетке жаратпас бұрын, осы жұмысқа
арналған уақыттың шамасына қарай
отырып, оны тоңазытқыш ішінде не
бөлме температурасында жылытуға
болады.
Тағамның кіші кесектерін
тоңазытқыштан алған бетте мұздаған
қалпы пісіре беруге болады. бұндай
жағдайда пісіру уақыты ұзағырақ
болады.
ПАЙДАЛЫ НҰСҚАУЛАР МЕНЕН КЕҢЕСТЕР
ҚУАТТЫ ҮНЕМДЕУГЕ ҚАТЫСТЫ
АҚЫЛ-КЕҢЕС
Есікті жиі-жиі ашпаңыз не қажетті
уақыттан артық уақыт ашып
тұрмаңыз.
Орта температурасы жоғары болса,
температура регуляторы ең жоғарғы
параметрге қойылса жəне
тоңазытқыш ішіне тамақ толтырылса
салынса, компрессор буландырғыш
құралдың үстіне мұз қатырып, үздіксіз
жұмыс жасауы мүмкін. Бұндай жағдай
орын алса, температура регуляторын
құрылғы электр қуатын үнемдей
отырып өздігінен жібу үшін
төменгі
көрсеткішке қойыңыз.
ЖАҢА ТАҒАМДЫ ТОҢАЗЫТУҒА
ҚАТЫСТЫ АҚЫЛ-КЕҢЕС
Ең жақсы нəтижеге жету үшін:
жылы не буы бұрқырап тұрған сұйық
заттарды тоңазытқышқа қоймаңыз
тағамның бетін жабыңыз не оны орап
салыңыз, əсіресе ол өткір иісті болса
тағамды ауа оның айналасында еркін
айнала алатындай етіп
орналастырыңыз
ТОҢАЗЫТУҒА ҚАТЫСТЫ АҚЫЛ-
КЕҢЕС
Пайдалы кеңестер:
Ет (барлық түрлері) : полиэтилен
қалтаға
орап көкөніс суырмасының
үстіңгі жағындағы шыны сөреге
қойыңыз.
Сақтық мақсатында тағамды осылайша
тек бір, көп дегенде екі күн ғана сақтау
керек.
Пісірілген тағамдар, суық тағамдар т.б.:
бұлардың бетін жауып кез келген
сөреге қоюға болады.
Жемістер мен көкөністер: бұларды
мұқият тазалап арнайы сөреге (лер)
салу қажет.
Сарымай мен ірімшік: бұларды арнайы
ауа өткізбейтін сауыттарға
салып не
алюминий қағазға не полиэтилен
қалтаға орап, мүмкіндігінше ауа
өткізбеуге тырысу қажет.
electrolux 25