User manual

Сүт бөтелкелері: бұлардың тығындарын
жауып, есіктегі бөтелке қойылатын
қатарға қою қажет.
Оралмаған банан, картоп, пияз бен
сарымсақты тоңазытқышта ұстауға
болмайды.
ТОҢАЗЫТУ ТУРАЛЫ КЕҢЕС
Төменде тоңазыту үрдісін барынша
тиімді жүзеге асыру үшін бірнеше
маңызды кеңестер берілген:
•24 сағат ішінде тоңазытуға болатын
ең көп тағам мөлшері техникалық
ақпарат тақтайшасында берілген;
мұздату үрдісі 24 сағатқа созылады.
Осы уақыт аралығында
тоңазытылуға
тиіс ешбір қосымша тағамды қосып
салуға болмайды;
тек аса жоғары сапалы, жаңа жəне
мұқият тазаланған тағамдарды ғана
тоңазытыңыз;
тағамды жылдам əрі толықтай
мұздатып, қажетті кезде оның тек
қажетті мөлшерін ғана жібіту үшін
кішкене бөлшектерге бөліп
дайындаңыз;
тағамды алюминий қағазға не
полиэтилен қалтаға орап, орамының
ауа өткізбейтіндігіне көз жеткізіп
алыңыз;
жаңа, мұздамаған тағамды
əлдеқашан мұздаған
тағамға, оның
температурасы көтеріле бастамас
үшін тигізбеңіз;
майы аз тағамдар майлы тағамдарға
қарағанда жақсы əрі ұзақ сақталады;
тұз тағамның сақталу уақытын
азайтады;
мұз текшелерін мұздатқыш
камерадан алған бетте тура
пайдаланса, аяз теріні қарып кетуі
мүмкін;
Тағамдарды сақтау уақытының
кестесін жасау үшін, тағамның əрбір
жеке орамасына оның тоңазытылған
ай-күнін жазып қою ұсынылады;
ТОҢАЗЫТЫЛҒАН ТАҒАМДАРДЫ
САҚТАУҒА ҚАТЫСТЫ АҚЫЛ-КЕҢЕС
Құрылғыны аса тиімді пайдалану үшін:
сатылып алынатын тағамдардың
бөлшек сауда орнында тиісті түрде
сақталғанын тексеріп алыңыз;
мұздатылған тағамдардың тағам
дүкенінен тоңазытқышқа
мүмкіндігінше қысқа уақыт ішінде
жеткізілуін қадағалаңыз;
есікті жиі-жиі ашып не қажетті
уақыттан артық ашып қалдырмаңыз.
Тағамды бірден жібітіп алған соң
оның сапасы төмендей бастайды
жəне қайта тоңазытуға
келмейді.
Тағам өндірушісі көрсеткен уақыттан
артық уақыт сақтамаңыз.
КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
Сақтандыру туралы ескерту!
Жөндеу жұмысын жүргізбес бұрын
құрылғыны электр желісінен
ағытыңыз.
Бұл құрылғының салқындатқыш
құралында сутегілі көміртек бар;
сондықтан да, жөндеу жұмыстары
мен оны қайта толтыруды тек
уəкілетті маман ғана жүзеге
асыруға тиіс.
МЕЗГІЛІМЕН ТАЗАЛАП ОТЫРУ
Құрылғыны мезгіл-мезгіл тазалап отыру
қажет:
іші мен керек-жарақтарын аздап
нейтрал сабын салынған жылы сумен
тазалаңыз.
есік тығыздағышын мезгіл-мезгіл
тазалап, кір тұрып қалмас үшін сүртіп
алып отырыңыз.
шайып мұқият құрғатыңыз.
Өте маңызды! Құрылғы ішіндегі
түтікшелер жəне/не сымдардың
ешқайсысын тартпаңыз, жылжытып не
бүлдірмеңіз.
Құрылғының ішін тазалау үшін жуғыш
заттарды, жеміргіш ұнтақтар мен аса
хош иістендірілген тазалағыш заттарды
не балауыз жылтыратқыштарды
пайдаланбаңыз, себебі бұндай заттар
құрылғының беткі қабатын бүлдіріп,
онда ерекше иіс қалдырады.
Құрылғының артындағы конденсатор
(қара гриль) мен компрессорды шөтке
не шаңсорғышпен
тазалаңыз. Бұлай
26 electrolux