User manual

істеу құрылғы жұмысын жақсартып,
электр шығынын азайтады.
Өте маңызды! Салқындатқыш жүйеге
еш нұқсан келтірмеуге тырысыңыз.
Ас үй құрылғыларының бетін тазалауға
арналған көпшілік заттардың
құрамында осы құрылғы үшін
пайдаланылған пластиктерге зиянды
əсер ететін химикаттар бар. Сондықтан
да осы құрылғы корпусының сыртын,
тек аздаған жуғыш зат салынған жылы
сумен тазалау ұсынылады.
Тазалап болған соң құрылғыны электр
желісіне қайта қосыңыз.
ТОҢАЗЫТҚЫШ ҚЫРАУЫН ЕРІТУ
Құрылғыны қалыпты пайдалану кезінде
тоңазытқыш камерасының
буландырғышындағы қырау, мотор
компрессоры тоқтаған сайын автоматты
түрде жойылып отырады. Еріген су
құрылғының артындағы, мотор
компрессорының үстіндегі арнайы
контейнердегі түтікше арқылы
жиналады да, осы жерде буға
айналады.
Су тасып төгіліп тамақтардың үстіне
ақпас үшін тоңазытқыш ортасындағы
каналдағы еріген суды ағызатын тесікті
мезгіл-мезгіл тазалап отырған
дұрыс.
Арнайы берілген тазалағышты
пайдаланыңыз, оны су ағызатын
тесіктен таба аласыз.
ТОҢАЗЫТҚЫШ ҚЫРАУЫН ЕРІТУ
Осы үлгідегі мұздатқыш камера, екінші
жағынан алғанда "еш қырау тұрмайтын"
түрге жатады. Бұл құрылғы
пайдаланылып тұрғанда құрылғының
ішкі қабырғаларына да, тағамдырдың
үстіне де еш қырау тұрмайды дегенді
білдіреді.
Қыраудың болмауы автоматты түрде
басқарылатын желдеткіштің көмегімен
құрылғы ішінде үздіксіз айналыстағы
суық ауаның болуына байланысты.
ҰЗАҚ УАҚЫТ БОЙЫ ПАЙДАЛАНБАУ
Құрылғы ұзақ уақыт бойы
пайдаланылмайтын жағдайда
мына
сақтық шараларын орындаңыз:
құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз
барлық тағамдарды шығарыңыз
мұзын ерітіп (егер бар болса),
құрылғыны жəне керек-жарақтарын
тазалаңыз
жағымсыз иіс пайда болмас үшін есік/
есіктерді ашық қалдырыңыз.
Егер құрылғы пайдаланылып тұратын
болса, электр қуаты өшіп қалған
жағдайда ішіндегі тағам бұзылып кетпес
үшін басқа бір адамның арасында бір
рет бақылап қойып отыруын
сұраңыз.
СҮЗГІНІ TASTE GUARD АУЫСТЫРУ
Taste Guard сүзгісі иісті тез сіңіретін
тағамдарға жағымсыз иіс сіңіп қалу
қаупін азайтып, тоңазытқыш ішіндегі
иістерді азайтуға көмектеседі
Taste Guard сүзгісі тамаша жұмыс істеуі
үшін оны жылына бір рет ауыстырып
отыру керек.
Жаңа сүзгіні жергілікті дилерден сатып
алуға болады.
Ауа сүзгісі қалқанның ар жағында
орналасқан, оны қалқанды сыртқа
тарту арқылы алуға болады (1)
тозған ауа
сүзгісін ұясынан тартып
шығарыңыз.
electrolux 27