User manual

Назарыңызда болсын! Құрылғыны
электр желісінен ағытатындай етіп
орналастыру керек; сондықтан оны
орнатқаннан кейін оның ашасы қол
оңай жететін жерде тұруға тиіс.
15 mm
15 mm
100 mm
AB
ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІНЕ ЖАЛҒАУ
Электр желісіне қоспас бұрын
техникалық ақпарат тақтайшасында
көрсетілген кернеу мен жиіліктің үйдегі
электр желісінің қуатына сай
келетіндігін тексеріп алыңыз.
Құрылғы жерге қосылуға тиіс. Осы
мақсатта қорек сымы контактпен қатар
жеткізілген. Егер үйдегі розетка жерге
қосылмаған болса, білікті электр
маманынан ақыл-кеңес ала отырып,
құрылғыны қолданыстағы ережелерге
сай жерге жекелей қосыңыз.
Жоғарыда айтылып өткен
ережелер
сақталмаса, өндіруші қандай да бір
жауапкершілікті өз мойнына алудан бас
тартады.
Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне сай
келеді.
АРТҚЫ ТЫҒЫЗДАҒЫШТАР
Құрылғының ішінен суретте
көрсетілгендей орнатылуға тиіс екі
тығыздағышты көресіз.
Бұрандаларды босатыңыз да, ұшына
тығыздағышты салып қайтадан
қатайтыңыз.
ИІС СҮЗГІСІН ОРНАТУ
Иіс сүзгісі жағымыз иістерді сіңіріп,
барлық тағамдардың хош иістерін,
дəмін бір-біріне сіңірмей сақтайтын,
белсенді көмірден жасалған сүзгі болып
табылады.
Көміртекті сүзгінің қолданыс мерзімін
жəне қасиеттерін сақтау үшін, ол
пластик қалтаға салынып жеткізіледі.
Сүзгіні құрылғыны іске қоспай тұрып,
қалқанның артына салыңыз.
1. Қалқанды сыртқа тартыңыз (1)
2. Сүзгіні пластик қалтадан алыңыз
3. Сүзгіні
қалқан қақпағының артында
орналасқан саңылауға салыңыз (2)
4. Қалқанның қақпағын жабыңыз
electrolux 31