User manual

Сөре сырғытпаларын салу
Сөре сырғытпаларын кері ретпен салыңыз.
Сөре сырғытпаларының доғал
ұштары алдыңғы жаққа қарап тұруға
тиіс.
10.3 Каталитті қабырғалар
Каталитті эмаль қаптамасы бар қабырғалар
өздігінен тазаланады. Бұндай қаптама
тұмшапеш жұмыс істеп тұрғанда қабырғаға
шашыраған майды сіңіреді.
Өздігінен тазалануға мүмкіндік беру үшін:
1. Тұмшапештің шамын жағыңыз.
2. Құрылғыдан керек-жарақтарды алыңыз.
3. Тұмшапештің табанын жылы су мен
жуғыш затты қолданып тазалап, содан
кейін кептіріңіз.
4.
функциясы мен ең үлкен
температураны орнатыңыз.
5. Бос құрылғыны бір сағат қосып қойыңыз.
6. Құрылғы салқындаған кезде жұмсақ және
дымқыл жөкемен тазалаңыз.
Назарыңызда болсын!
Каталитті қаптаманы тұмшапеш
спрейімен, жеміргіш құралдармен,
сабынмен немесе басқа тазалағыш
заттармен тазаламаңыз. Каталитті
қаптаманы бүлдіріп алу қаупі бар.
Назарыңызда болсын!
Тұмшапешті жоғары температурамен
тазалаған кезде балаларды алыс
ұстаңыз. Тұмшапештің беткі жағы өте
ысып, күйіп қалу қаупі пайда болады.
Каталитті қаптаманың түсі оңса,
каталиттің сипаттарына әсер етпейді.
10.4 Тұмшапештің төбесі
Тұмшапештің төбесін оңай тазалау үшін
грильді алып қоюға болады.
Назарыңызда болсын!
Құрылғыны грильді алмай тұрып
сөндіру керек. Құрылғының салқын
тұрғанына көз жеткізіңіз. Күйіп қалу
қатері бар.
1.
Грильді ұстап тұрған бұранданы алыңыз.
Ең алғаш рет алған кезде бұранда
бұрағышты пайдаланыңыз.
2.
Грильді абайлап төмен тартыңыз.
3.
Тұмшапештің төбесін жұмсақ шүберек
пен жылы суды, жуғыш затты
пайдаланып тазалаңыз және кептіріңіз.
4.
Грильді кері ретпен орнатыңыз.
Назарыңызда болсын!
Грильдің дұрыс орнатылғанына және
құлап кетпейтініне көз жеткізіңіз.
10.5 Тұмшапештің шамы
Назарыңызда болсын!
Тұмшапештің шамын ауыстырған
кезде абай болыңыз. Электр қатері
бар.
Тұмшапештің шамын ауыстырар алдында:
Тұмшапешті сөндіріңіз.
Сақтандырғыш қорабындағы
сақтандырғыштарды алыңыз немесе
айырып-қосқышты ажыратыңыз.
Тұмшапештің шамына және шыны
қақпағына зақым келмес үшін
тұмшапештің табанына шүберек
төсеңіз.
Шамға майдың қалдығы жұғып
күймес үшін, галоген шамды үнемі
шүберекпен ұстаңыз.
1.
Шамның қақпағын алу үшін сағат тілінің
бағытына қарсы бұраңыз.
2.
Шыны қақпақты тазалаңыз.
3.
Тұмшапеш шамының орнына 300 °C
градус қызуға төзетін тұмшапеш шамын
салыңыз.
Шамның дәл осындай түрін
пайдаланыңыз.
4.
Шыны қақпақты орнатыңыз.
20
www.electrolux.com