User manual

8. ҚОСЫМША ФУНКЦИЯЛАР
8.1 Бала қауіпсіздігінің құралы
Бала қауіпсіздігінің құралы құрылғының
кездейсоқ іске қосылуына жол бермейді.
Бала қауіпсіздігінің құралы функциясын іске
қосу және ажырату:
1.
Тұмшапеш функциясын орнатпаңыз.
2.
және түймешігін қатар басып, кем
дегенде 2 секунд ұстап тұрыңыз.
3.
Дыбыстық сигнал естіледі. Бейнебетте
SAFE белгісі жанады/сөнеді (Бала
қауіпсіздігінің құралын іске қосқанда
немесе сөндіргенде).
Тетікті бұрағанда немесе түймешікті
басқанда бейнебетте SAFE белгісі
жанады.
Функция бекітпесі
Функция бекітпесі тұмшапеш функциясының
кездейсоқ өзгеріп кетуіне жол бермейді.
Функция бекітпесі функциясын тек құрылғы
жұмыс істеп тұрғанда ғана іске қоса аласыз.
Функция бекітпесі функциясын қосу және
ажырату:
1.
Құрылғыны іске қосыңыз.
2.
Тұмшапеш функциясын немесе
параметрін іске қосыңыз.
3.
және түймешігін қатар басып, кем
дегенде 2 секунд ұстап тұрыңыз.
4.
Дыбыстық сигнал естіледі. Бейнебетте
Loc белгісі жанады/сөнеді (Функция
бекітпесін іске қосқанда немесе
сөндіргенде).
Функция бекітпесі қосулы тұрғанда
құрылғыны сөндіруге болады.
Құрылғыны сөндірсеңіз, Функция
бекітпесі ажыратылады.
Тетікті бұрағанда немесе түймешікті
басқанда бейнебетте Loc жанады.
8.2 Қалдық қызу индикаторы
Құрылғы сөндірулі тұрғанда және
тұмшапештің температурасы 40 °C градустан
жоғары болғанда бейнебетте қалдық қызу
индикторы көрсетіледі. Тұмшепештің
температурсын қарау үшін температура
тетігін қолданыңыз.
8.3 Желдеткіш
Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде,
құрылғының беттерін салқын ұстау үшін
желдеткіш автоматты түрде қосылады.
Құрылғыны сөндірсеңіз, желдеткіш құрылғы
салқындағанша жұмыс істеп тұра береді.
8.4 Есіктің механикалық бекітпесі
Құрылғыны сатып алғанда есіктің бекітпесі
ағытылып тұрады.
14
www.electrolux.com