User manual

6.1 Сағат функцияларын орнату
hr minhr min
1.
Ұзақтық және Аяқтау функцияларын
қолдану үшін тұмшапештің функциясы
мен температурасын орнатыңыз. Минут
операторы үшін бұл функцияларды
орнату қажет емес.
2.
Таңдау түймешігін қажетті сағат
функциясының индикаторы
жыпылықтағанша қайта-қайта басыңыз.
3.
Қажетті сағат функциясын орнату үшін +
немесе - түймешігін басыңыз.
Бейнебетте орнатылған сағат
функциясының индикаторы көрсетіледі.
Орнатылған уақыт аяқталған кезде
индикатор жыпылықтайды да, дыбыстық
сигнал екі минут естіледі.
Ұзақтық және Аяқтау функцияларын
қолданғанда, құрылғы автоматты
түрде сөнеді.
4.
Дыбыстық сигналды тоқтату үшін
түймешікті басыңыз.
5.
Тұмшапеш функциясының тетігін және
температура тетігін "off" (сөндірулі)
қалпына қойыңыз.
6.2 Сағат функцияларын біржола
тоқтату
1.
Таңдау түймешігін қажетті функцияның
индикаторы жыпылықтағанша қайта-
қайта басыңыз.
2.
- түймешігін басып ұстап тұрыңыз.
Бірнеше секундтан кейін сағат
функциясы өшеді.
7. КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ҚОЛДАНУ
Назарыңызда болсын!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
7.1 Керек-жарақтарды салу
Торкөз сөре мен шұңғыл табаны бірге
қолдану:
Шұңғыл таба мен торкөз сөренің жиектері бар.
Бағыттағыш жолдардың жиектері мен пішімі
ыдыстың сырғып кетуіне жол бермейтін
арнайы құрал болып табылады.
10
www.electrolux.com