Қолдану туралы нұсқаулары Кіріктірілген пеш EOB53103
electrolux Electrolux. Thinking of you. Біздің басқа идеяларымызбен www.electrolux.com вебсайтынан танысыңыз. Мазмұны Жалпы мағлұмат бөлімдері Қауіпсіздік туралы мағлұматтар Бірінші қолданғанға дейін Әркүндік қолдану Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер Тамақ пісіру панелі Күту менен тазалау 2 4 5 5 8 9 11 Не істерсіңіз, егер... 14 Орнату 15 Электртоғына қосу 16 Қоршаған ортаға зиян келдірмеу туралы мағлұматтар 17 Құрылғы сатылған соң көрсетілетін қызмет 17 Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
electrolux 3 Қауіпсіздікке қатысты жалпы нұсқаулар • Бұл құрылғыны физиологиялық, сезімдік не болмаса ақыл-ой деңгейіне не пеш жұмысына қатысты тәжірибесі мен білімінің аздығына байланысты пайдалана алмайтын адамдар (балаларды қоса алғанда), пешті пайдалану туралы ерекше нұсқауларды алмайынша не өз қауіпсіздігін қамтамасыз етеін адамның қадағалауынсыз пайдаланбауға тиіс. • Жұмыс жасап тұрған пештің іш жағы қатты ысып кетеді. Қыздырғыш элементтерге қол тиіп кетпес үшін абай болыңыз. Күйіп қалу қатері бар.
electrolux Қауіпсіздік туралы мағлұматтар Негізгі көрініс 2 3 4 5 6 1 7 8 9 10 11 12 1 Басқару панелі 2 Пеш терморелесін басқаратын түймеше 3 Пеш терморелесін басқаратын шам 4 Электронды бағдарламалаушы 5 Пеш жұмысының сигнал шамы 6 Пеш функциясын басқаратын түймеше 7 Желдеткіштің ауа шығатын саңылаулары 8 Гриль 9 Пеш шамы 10 Пеш желдеткіші 11 Сөренің телескопиялық сырғытпалары 12 Техникалық сипаттамалар тақтайшасы Қосымша жабдықтар Май жинайтын таба Пісіру табасы
electrolux 5 Пеш сөресі Бірінші қолданғанға дейін Пешті пайдаланбас бұрын, оның ішкі және сыртқы орам материалдарының барлығын алыңыз. Техникалық ақпарат тақтайшасын алмаңыз. Құрылғыны электр желісіне қосқанда не электр қуаты өшіп қалған кезде уақыт функциясын көрсететін шам автоматты түрде жыпылықтай бастайды. Тәулік уақытын орнатуыңыз қажет. Тәулік уақыты орнатылмаса, құрылғы жұмыс жасамайды. Өте маңызды! Пеш есігін әрқашан тұтқаның ортасынан ұстап ашыңыз.
electrolux Белгішелер Желдеткіш арқылы пісіру -бірнеше әртүрлі тағамды бір уақытта пісіруге арналған. Жеміс қосылған сиропты қайнатуға және саңырауқұлақ не жемісті кептіруге арналған. Астыңғы қыздырғыш элемент - қызу пештің тек астыңғы жағынан ғана келеді. Түбі қытырлақ не қыртысы үгітілмелі торттарды пісіруге арналған. Ішкі гриль - пештің ортаңғы сөресінде жалпақ етіп дайындалған тағамдарды азаздан пісіруге арналған. Тост нанын дайындауға арналған. Толық гриль - толық гриль элементі қосылады.
electrolux 7 Сағат функциялары Функция Сипаттамасы Пісіру ұзақтығы Пештің қаншалықты ұзақ уақыт жұмыс жасауға тиістігін көрсетуге арналған. Уақыт өткен кезде дыбысты сигнал естіледі. Пеш автоматты түрде өшіп қалады. Пісірудің соңы Пешті қай кезде өшіру қажеттігін көрсетуге арналған. Уақыт өткен кезде дыбысты сигнал естіледі. Пеш автоматты түрде өшіп қалады. Біріктірілген пісіру ұзақтығы мен пісірудің соңы функциясы . Пештің кешіктіріп бастау функциясын орнатуға арналған.
electrolux Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер Назарыңызда болсын! Тағамды пісіргенде, тіпті гриль жасаған кезде де әрқашан пеш есігін жауып отыру қажет. °C Пісіру табалары, кәстрөлдер т.с.с. пештің сыры кетпес үшін оның табанына қоймаңыз. Пештің сырын кетіріп алмас үшін оның керек-жарақтарын салып, не алып жатқан кезде абай болыңыз. • Пештің төрт сөре қатары бар. Сөре қатарларын пештің астынан бастап санаңыз. • Әртүрлі тағамдарды пештің екі қатарына қойып, бір мезгілде пісіруіңізге болады.
electrolux 9 • Пісіру уақытының 3/4 мөлшері өтпейінше пештің есігін ашпаңыз. • Бір уақытта екі пісіру сөресін пайдалансаңыз, олардың арасындағы бір қатарды ашық қалдырыңыз. Балық пен етті пісіру • Салмағы 1 кг-нан аз болатын етті пісірмеңіз. Тым аз етті пісіргенде ет өте кебір болып піседі. • Қызыл еттің сырт жағын әбден, ішін сөлімен пісіру үшін температураны 200 °C-250 °C аралығында орнатыңыз. • Үй құсының еті не балық тәрізді ақ етті пісіру үшін температураны 150°C - 175 °C аралығында орнатыңыз.
electrolux әбден ашылғанша тұтқасын жібермей ұстап тұрыңыз, есікті тартқаннан кейін әрі қарай еш сүйемелсіз ашылуына жол бермеңіз. Назарыңызда болсын! Тағам пісіргенде, тіпті гриль жасаған кезде де пеш есігін әрқашан жауып отыру қажет. Төмен қарай ашылатын пеш есігін ашарда абай болыңыз. Есік Грильдеу Пісіруді бастамай тұрып, бос пешті 10 минут қыздырып алыңыз.
electrolux 11 Пицца ТАҒАМ ТҮРІ Пицца функциясы Пеш қатары темп.°C Пісіру уақыты, минут ЕСКЕРІМДЕР Үлкен пицца 1 200 15~25 пісіру сөресі Кішкене пицца 1 200 10~20 пісіру сөресі не тор пайдаланылады Булочка 1 200 15~25 пісіру сөресі Күту менен тазалау Назарыңызда болсын! Пешті тазалауға кіріспес бұрын электр желісінен ажыратып, суытып алыңыз. Назарыңызда болсын! Қауіпсіздік мақсатында бұйымды бу шашыратқышпен не болмаса, жоғары қысым арқылы тазалайтын құралмен тазаламаңыз.
electrolux Назарыңызда болсын! Есіктің шыны панельдеріне нұқсан келсе не сызат түссе, шыны босап, сынып қалады. Бұндай жағдай орын алмас үшін оларды ауыстыру керек. Қосымша ақыл-кеңес алу үшін жергілікті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Пеш есігі мен шыны панельді алу 1. Есікті шегіне дейін ашыңыз да, қос топсасынан ұстаңыз. 4. Есікті жұмсақ мата төселген орнықты жерге қойыңыз. 2. Қос топсадағы тетіктерді көтеріңіз де бұраңыз. 5. Ішкі шыны панельді алу үшін бекіту жүйесін босатыңыз. 3.
electrolux 13 6. 2 бекіткіш тетікті 90° градусқа бұраңыз да, ағытып алыңыз. Ішкі шыны панельді орнына суретте көрсетілгендей дұрыс орнатыңыз. 7. Шыны панельді еппен көтеріп, орнынан алыңыз. Пештің тот баспайтын болат не алюминий беттері бар үлгілері Пештің тот баспайтын болат не алюминий беттері бар үлгілерінің есігі мен басқару панелін тек дымқыл жөкемен ғана тазалаңыз. Содан кейін, жұмсақ матамен мұқият құрғатыңыз.
electrolux Тазалық жұмысын аяқтаған соң сырғытпа жолдар мен каталитті панельді орындарына салыңыз. Сырғытпа жолдар мен каталитті панельді орындарына қою үшін төмендегі әрекеттерді кері бағытта орындаңыз. Пештің шамын айырбастау және шыны қалпағын тазалау 2. Сөренің сырғытпа жолдары мен каталитті панельді орнында ұстап тұрған қалпы, сырғытпа жолдардың артқы жағын ағытыңыз. Назарыңызда болсын! Пештің шамын айырбастамай тұрып("Өнім сипаттамасы" тарауын қараңыз)өшіріп, электр желісінен ағытып алу қажет.
electrolux 15 Ақаулық Ақаулық шешімін табу Бу мен конденсат тағамның үстіне және пештің ішіне жиналады. Тағамды пісіріп болған соң оларды пеш ішінде 15-20 минуттан артық тұрып қалуына жол бермеңіз. Сағат ШАМЫ жыпылықтаған кезде бейнебетте "12.00" пайда болады. Уақытты қайта орнатыңыз. Ақаулық орын алса, оның шешімін алдымен өзіңіз табуға тырысыңыз. Ақаулықты түзететін шешімді өзіңіз таба алмасаңыз, өз дилеріңізге не қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
electrolux A 593 in 550 m 8 560 00 1 0÷ B -570 Электртоғына қосу Назарыңызда болсын! Құрылғыны тек уәкілетті қызметкер не білікті маман ғана электр желісіне қосуға тиіс. • Бұл сақтық шаралары орындалмаған жағдайда, өндіруші өз мойнына еш жауапкершілік алмайды. • Құрылғыны қауіпсіздік ережелеріне сай жерге қосыңыз. • Техникалық ақпарат тақтайшасындағы кернеу мен қуат мәндерінің құрылғы жалғанатын желідегі кернеу мен қуат мәндеріне сай келетіндігін тексеріңіз.
electrolux 17 Қоршаған ортаға зиян келдірмеу туралы мағлұматтар Бұйымдағы немесе бұйым қорапшасындағы белгісі осы бұйым кәдімгі үй қалдығы емес екенін көрсетіп білдіреді. Сондықтан оны ескі электр және электроникалық бұйымдарды жинап утилизация үшін арнайы контейнерлерге салуыңыз керек. Осы бұйымды дұрыс түрде утилизация арқылы Сіз қоршаған орта менен адам денсаулығына түсіп пайда бола алатын зиянын болдыртпауын үшін үлес қоса аласыз; осы зиян бұл бұйымды дұрыс емес қолданғанда пайда болуы мүмкін.
electrolux
electrolux 19
www.electrolux.com www.electrolux.