User manual

6. 2 бекіткіш тетікті 90° градусқа
бұраңыз да, ағытып алыңыз.
7. Шыны панельді еппен көтеріп,
орнынан алыңыз.
Шыны панельді су мен сабынды
пайдаланып тазалаңыз. Мұқият
құрғатыңыз.
Назарыңызда болсын! Шыны
панельді тек су мен сабынды
пайдаланып ғана тазалаңыз.
Жеміргіш тазалағыштар, дақ
кетіргіштер және өткір заттар
(мысалы, пышақ не
қырғыштар)шыныны бүлдіруі
мүмкін.
Есік пен шыны панельді орнына қою
Тазалау жұмысы аяқталған соң, шыны
панель мен пеш есігін орындарына
қойыңыз. Орындарына қою үшін
әрекеттерді кері тәртіпте орындаңыз.
Жиегі безендірілген ішкі панельдің
бедері бар бетін пештің сыртына қарата
орнату қажет. Егер панельдің бетін
сипағанда еш бұдыр сезілмесе, бұл
шыны панель бетінің дұрыс
орнатылғандығын білдіреді.
Ішкі шыны панельді орнына суретте
көрсетілгендей дұрыс орнатыңыз.
Пештің тот баспайтын болат не
алюминий беттері бар үлгілері
Пештің тот баспайтын болат не
алюминий беттері бар үлгілерінің есігі
мен басқару панелін тек дымқыл
жөкемен ғана тазалаңыз. Содан кейін,
жұмсақ матамен мұқият құрғатыңыз.
Темір жүн жөке, қышқыл не тазалағыш
құралдарды ешқашан пайдаланбаңыз,
себебі олар құрылғының бетін бүлдіреді.
Сөренің сырғытпа жолдары мен
каталитті панельдер
Пештің ішін тазалау үшін сөренің
сырғытпа жолдары мен каталитті
панельдерін алып қойыңыз.
Назарыңызда болсын! Сырғытпа
жолдарды пештен алған кезде абай
болыңыз. Каталитті панельдер
пештің қабырғасына бекітілмеген
және сөренің сырғытпа жолдарын
алған кезде құлап қалуы мүмкін.
Назарыңызда болсын! Жөндеу
жұмысын жүргізбес бұрын пештің
салқын тұрғандығына көз жеткізіңіз.
Қалдық жылу шарпыса күйіп қалу
қатері бар.
Кіріктірмелі жолдарды алу
1. Сөренің сырғытпа жолдарының
алдыңғы жағын бір қолыңызбен
тартып шығарыңыз. Сөренің
сырғытпа жолдары мен каталитті
панельді екінші қолыңызбен орнынан
жылжытпай ұстап тұрыңыз.
electrolux 13