User manual

Сағат функциялары
Функция Сипаттамасы
Пісіру ұзақтығы
Пештің қаншалықты ұзақ уақыт жұмыс жасауға тиістігін
көрсетуге арналған.
Уақыт өткен кезде дыбысты сигнал естіледі. Пеш
автоматты түрде өшіп қалады.
Пісірудің соңы
Пешті қай кезде өшіру қажеттігін көрсетуге арналған.
Уақыт өткен кезде дыбысты сигнал естіледі. Пеш
автоматты түрде өшіп қалады.
Біріктірілген пісіру ұзақтығы мен
пісірудің соңы функциясы .
Пештің кешіктіріп бастау функциясын орнатуға
арналған.
Пеш есептелген уақыт келген кезде автоматты түрде
қосылады да, орнатылған пісіру уақыты аяқталған кезде
өшеді.
Минут операторы
Кері санақты орнатуға арналған. Уақыт өтіп біткен кезде
дыбысты сигнал беріледі. Дыбысты сигналды тоқтату
үшін кез келген түймешікті басыңыз.
Өте маңызды! Минут операторы пешті өшірмейді.
Сағат
Уақытты орнатыңыз.
Сағат функциясын орнату
Функция көрсеткіші қажетті функцияны
көрсеткенге дейін таңдағыш түймешені
қайта-қайта басыңыз. " + " және " - "
түймешіктері арқылы қажетті пісіру
уақытын орнатыңыз.
Сағат функциясын біржола тоқтату
Функция көрсеткіші қажетті функцияны
көрсеткенге дейін таңдағыш түймешені
қайта-қайта басыңыз және " - "
түймешігін басыңыз. Бірнеше секундтан
соң сағат функциясы өшеді.
Қуат көрсеткіші
Пештің функциясын басқаратын
түймеше қажетті орынға қойылғанда
қуат көрсеткіші("Өнім сипаттамасы"
тарауын қараңыз)жанады.
Температура көрсеткіші
Температура көрсеткіші("Өнім
сипаттамасы" тарауын қараңыз)пеш
қызған кезде жанады. Бұл пеш қажетті
температураға дейін қызған кезде өшеді.
Содан соң жанып-сөну арқылы қажетті
температураның орнағанын көрсетеді.
Желдеткіш
Желдеткіш (көрінбейді) алдыңғы
панельді, түймешелерді және пеш
есігінің тұтқасын салқын күйде ұстайды.
Пеш қосылған кезде желдеткіш
автоматты түрде қосылады. Пеш есігінің
тұтқасына жақын орналасқан
саңылаудан жылы ауа үрленеді.
Желдеткіш пештің басқару құралдарын
салқын ұстау үшін оны ажыратқан соң да
жұмыс істеп тұра береді.
Қауіпсіздік терморелесі
Бұл пеш(дұрыс пайдаланбау не
элементтерінің бірінің ақаулығына
байланысты)шамадан тыс қызып кету
тәрізді қатерлі жағдайдың алдын алу
үшін қуаттың берілуін тоқтататын
қауіпсіздік терморелесімен
жабдықталған. Температурасы
төмендеген кезде пеш автоматты түрде
қайта қосылады.
Қауіпсіздік терморелесі жұмыс жасамай
қалған жағдайда, өзіңіз жөндеуге
тырыспаңыз. Қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
electrolux 7