User manual

Electrolux. Thinking of you.
Біздің басқа идеяларымызбен www.electrolux.com веб-
сайтынан танысыңыз.
Мазмұны
Жалпы мағлұмат бөлімдері 2
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар 4
Бірінші қолданғанға дейін 5
Әркүндік қолдану 5
Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер
8
Тамақ пісіру панелі 9
Күту менен тазалау 11
Не істерсіңіз, егер... 15
Орнату 15
Электртоғына қосу 16
Қоршаған ортаға зиян келдірмеу туралы
мағлұматтар 17
Құрылғы сатылған соң көрсетілетін
қызмет 17
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
Жалпы мағлұмат бөлімдері
Осы нұсқаулықты өз қауіпсіздігіңіз
бен құрылғыны дұрыс пайдалану
үшін, оны орнатып іске қоспас бұрын
мұқият оқып шығыңыз. Нұсқаулықты
әрқашан тіпті құрылғыны көшірсеңіз
не сатсаңыз да онымен бірге
қалдырыңыз. Пайдаланушылар
құрылғының қауіпсіздік функциясы
мен оны іске қосу жолдарын толық
білуге тиіс.
Дұрыс пайдалану
Қосылып тұрған құрылғыны қараусыз
қалдырмаңыз.
Құрылғы тек үйде ғана қолдануға
арналып шығарылған.
Пештің үстін жұмыс бетіне
айналдыруға не зат сақтау үшін
пайдалануға болмайды.
Тұтанғыш сұйықтарды, өте тез
тұтанғыш не еріп кететін заттарды
(мысалы, пластик таспа, пластмасса,
алюминий) құрылғы үстіне не қасына
қоймаңыз.
Электр құрылғыларын жақын жердегі
розеткаға қосқан кезде абай болыңыз.
Қосылым сымдарының пештің есігінің
арасына қыстырылып не оған тиіп
кетпеуін қадағалаңыз.
Су ыдыстар мен пісірілген тағамдарды
пештің ішінде ұстамаңыз, себебі бу
пештің сырлы қаптамасын бүлдріп не
құрам бөліктерінің ішіне кіріп кетеді.
Жарақаттанып қалмау не құрылғыны
бүлдіріп алмау үшін жөндеу
жұмыстарын өзіңіз жүргізуге
әрекеттенбеңіз. Әрқашан жергілікті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Түрпілі тазалағыш заттар мен өткір
металл қырғыштарды пеш есігінің
шынысын тазалау үшін
пайдаланбаңыз, себебі шыныға сызат
түсіп, шытынап кетеді.
Эмаль қаптамаға қатысты ескерім
Қолдану барысында пештің эмаль
қабатының түрінің өзгеруі пештің
қалыпты жұмыс істеуі мен оны
қолдануға әсерін тигізбейді.
Сондықтан да, бұл кепілдік шартына
сай жөнделуге тиіс ақаулықты
тудырмайды.
Бала қауіпсіздігі
Бұл құрылғыны тек ересек адамдар
ғана қолдануға тиіс. Балаларды
құрылғымен ойнамас үшін қадағалап
отыру керек.
Орам материалдарының барлығын
балалардан алыс ұстаңыз. Тұншығып
қалу қаупі бар!
Балаларды жұмыс істеп тұрған
құрылғыдан алыс ұстаңыз. Жұмыс
жасап тұрған құрылғының қол жететін
жердегі бөлшектері қатты ысып кетеді.
Күйіп қалу қатері бар.
2 electrolux