User manual

9. ҚОСЫМША ФУНКЦИЯЛАР
9.1 Желдеткіш
Пеш жұмыс істеп тұрған кезде, пештің
беттерін салқын ұстау үшін желдеткіш
автоматты түрде қосылады. Пешті
сөндірсеңіз, желдеткіш пеш
салқындағанша жұмыс істеп тұра
береді.
10. АҚЫЛ-КЕҢЕС
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
Кестелердегі температура
мен пісіру уақыттары тек
нұсқау ретінде беріледі.
Олар рецептерге, олардың
құрамының сапасы мен
мөлшеріне байланысты
болады.
10.1 Пісіруге арналған ақыл-
кеңес
Пешіңіз бұрыңғы құрылғыңызға
қарағанда басқаша пісіруі немесе
қуыруы мүмкін. Төмендегі кестелерде
температураға, пісіру уақытына және
сөре орындарына қатысты стандартты
ақпарат берілген.
Нақты рецептіге арналған
параметрлерді таба алмасаңыз, ұқсас
біреуін пайдаланыңыз.
10.2 Есіктің ішкі жағы
Есіктің ішкі жағында келесі деректер
болады:
сөре қоюға болатын деңгейлер
саны.
пештің функциялары туралы
ақпарат, тағамдар үшін
ұсынылатын сөре деңгейлері мен
температура мәндері.
10.3 Пісіру
Алғашқыда төменірек
температураны пайдаланыңыз.
Егер торттарды бірнеше сөрелерге
қойып пісірсеңіз, пісіру уақыттарын
10 – 15 минутқа созуға болады.
Биіктіктері әр түрлі кекстер мен
кондитер өнімдері бірдей
қызармауы мүмкін. Біркелкі
қызармаса, температура
параметрін өзгертудің қажеті жоқ.
Бұл пісіру барысында түзеледі.
Пісіру кезінде тұмшапештегі науа
майысып қалуы мүмкін. Науалар
суыған кезде майысқаны қалпына
келеді.
ҚАЗАҚ 13