User manual

Металл беттерін тазалау үшін арнайы
жуғыш затты пайдаланыңыз.
Тұмшапешті пайдаланып болған
сайын ішкі жағын тазалаңыз. Май
жиналғанда немесе басқа тағам
қалдығы жиналса, өрт шығуы мүмкін.
Гриль табағында бұндай қауіп одан да
күшті.
Керек-жарақтарды әр қолданып болған
сайын тазалап, құрғатып отырыңыз.
Шүберекті, жылы су мен жуғыш затты
пайдаланыңыз. Керек-жарақтарды
ыдыс жуғыш машинада жумаңыз.
Оңай тазаланбайтын қалдықтарды
арнайы пеш тазалағыштармен
тазалаңыз.
Тұмшапештің керек-жарағына ластық
тұрмайтын болса, жеміргіш затпен,
өткір қырлы құралмен тазаламаңыз
немесе ыдыс жуғыш машинада
жумаңыз. Зат жабыспайтын қаптаманы
бүлдіруі мүмкін.
Тұмшапешті пайдаланып болған
сайын ішіндегі ылғалды тазалаңыз.
11.2 Сөре сырғытпалары
Тұмшапешті тазалау үшін сөре
сырғытпалары алыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Сөре сырғытпаларын
алған кезде абай болыңыз.
1. Сөре сырғытпасының алдыңғы
жағын қабырғадан тартып
шығарыңыз.
2. Сырғытпа жолдардың артқы
жақтарын қабырғадан ағытып
алыңыз.
2
1
Алынған керек-жарақтарды кері
ретпен орнатыңыз.
Сырғытпа жолдардағы
білікшелер алға қарап
тұруға тиіс.
11.3 Тұмшапештің төбесі
ЕСКЕРТУ!
Құрылғыны қыздырғыш
элементті алмай тұрып
сөндіру керек. Құрылғының
салқын тұрғанына көз
жеткізіңіз. Күйіп қалу қатері
бар.
Сөре сырғытпаларын алыңыз.
Тұмшапештің төбесін оңай тазалау
үшін оның төбесіндегі қыздырғыш
элементті төмен қайырып қоюға
болады.
1. Қыздырғыш элементтің алдыңғы
жағынан екі қолмен ұстаңыз.
2. Серіппенің тебілісіне қарсы алға
қарай тартып, екі ұстағыштан
алыңыз.
Қыздырғыш элемент төмен
қайырылады.
3. Тұмшапештің төбесін тазалаңыз.
4. Қыздырғыш элементті әрекеттерді
керісінше орындап орнатыңыз.
ҚАЗАҚ 29