User manual

Оларды мына жерге жазып қоюды ұсынамыз:
Үлгі (MOD.) .........................................
Өнім нөмірі (PNC) .........................................
Сериялық нөмірі (S.N.) .........................................
13. ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕК
13.1 Техникалық дерек
Кернеу 220 - 240 В
Жиілік 50 Гц
14. ҚУАТ ТИІМДІЛІГІ
14.1 Қуатты үнемдеу
Пештің күнделікті тамақ
пісіру кезінде қуат
үнемдеуге көмектесетін
мүмкіндіктері бар.
Жалпылама кеңес
Тұмшапеш жұмыс істеп тұрғанда
есігінің жабық екеніне көз жеткізіңіз.
Тағамды буға пісіру кезінде есікті жиі
ашпаңыз. Есіктің тығыздағышын таза
ұстаңыз және оның өз орнында
тұрғанына көз жеткізіңіз.
Қуатты үнемдеуді жақсарту үшін .
Егер мүмкін болса, тағамды салмай
тұрып пешті алдын ала қыздырмаңыз.
Пісіретін уақыт 30 минуттан көп
болғанда, пісіру уақыты аяқталмай
тұрып, пісіру уақытының ұзақтығына
байланысты пеш температурасын 3-10
минутқа азайтыңыз. Тұмшапештің
ішіндегі қалдық қызу тағам пісіруді
жалғастыра береді.
Басқа тағамдарды жылыту үшін
қалдық қызуды пайдаланыңыз.
Бірнеше тағамды бір уақытта пісірген
кезде, пісіру циклдарының арасын
барынша қысқа етіңіз.
Желдеткішпен пісіру
Егер мүмкін болса, қуатты үнемдеу
үшін желдеткіші бар пісіру
функцияларын пайдаланыңыз.
Тағамды жылы ұстау
Қалдық қызуды таңдап, тағамды жылы
ұстау үшін ең төменгі ықтимал
температураны таңдаңыз.
Ылғалды желдеткішпен пісіру
Тағам пісіру барысында қуатты
үнемдеуге арналған функция.
15. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ҚАТЫСТЫ ЖАҒДАЙЛАР
Белгі салынған материалдарды
қайта өңдеуден өткізуге тапсырыңыз.
Орам материалдарын қайта өңдеуден
өткізу үшін тиісті контейнерлерге
салыңыз. Электрлік және
электроникалық құрылғылардың
қалдығын қайта өңдеуден өткізу
арқылы, қоршаған ортаға және
адамның денсаулығына зиын
келтіретін жағдайларға жол бермеуге
өз үлесіңізді қосыңыз. Белгі
салынған құрылғыларды тұрмыстық
қалдықтармен бірге тастамаңыз.
Өнімді жергілікті қайта өңдеу
орталығына өткізіңіз немесе жергілікті
мекемеге хабарласыңыз.
www.electrolux.com32