Basic Guide

болады. бұндай жағдайда пісіру уақыты
ұзағырақ болады.
Күту менен тазалау
Сақтандыру туралы ескерту! Жөндеу
жұмысын жүргізбес бұрын құрылғыны
электр желісінен ағытыңыз.
Бұл құрылғының салқындатқыш
құралында сутегілі көміртек бар;
сондықтан да, жөндеу жұмыстары мен оны
қайта толтыруды тек уәкілетті маман ғана
жүзеге асыруға тиіс.
Тоңазытқыш қырауын еріту
Құрылғыны қалыпты пайдалану кезінде
тоңазытқыш камерасының
буландырғышындағы қырау, мотор
компрессоры тоқтаған сайын автоматты
түрде жойылып отырады. Еріген су
құрылғының артындағы, мотор
компрессорының үстіндегі арнайы
контейнердегі түтікше арқылы жиналады да,
осы жерде буға айналады.
Су тасып төгіліп тамақтардың үстіне ақпас
үшін тоңазытқыш ортасындағы каналдағы
еріген суды ағызатын тесікті мезгіл-мезгіл
тазалап отырған дұрыс. Арнайы берілген
тазалағышты пайдаланыңыз, оны су
ағызатын тесіктен таба аласыз.
Мұздатқыш камера мұзын еріту
Мұздатқыш сөрелер мен үстіңгі
камераның айналасына белгілі бір
мөлшерде ылғи қырау жиналып тұрады.
Өте маңызды! Қырау қабатының қалыңдығы
шамамен 3-5 мм жеткен кезде мұздатқышты
жібітіңіз.
Қырауды тазалап алу үшін мына әрекеттерді
орындаңыз:
1. Құрылғыны өшіріңіз.
2. Ішінде сақталып тұрған тағамды алып,
бірнеше қабат газетке ораңыз да, салқын
жерге қойыңыз.
3. Есікті ашық қалдырыңыз.
4. Құрылғы мұзы жібіп болғаннан кейін, оның
ішін мұқият құрғатыңыз да, ашасын
розеткаға сұғыңыз.
5. Құрылғыны қосыңыз.
6. Температура түймешесін максимум
суықтыққа қойыңыз да, құрылғыны осы
параметрде тұрған қалпы екі немесе үш
сағат қосыңыз.
7. Алдында алып қойған тағамдарды
қайтадан камераға салыңыз.
Өте маңызды! Буландырғыштың қырауын
ешқашан өткір металл құралдарды
пайдаланып қырмаңыз,оны бүлдіріп алуыңыз
мүмкін. Өндіруші ұсынған тәсілден басқа
әдіспен, механикалық құралды қолданып
немесе жасанды жолмен мұзды жылдам
ерітуге әрекеттенбеңіз. Құрылғы мұзын еріту
барысында орамдағы тағамдардың
температурасының жоғарлауы, олардың
сақталатын мерзімін қысқартуы мүмкін.
Не істерсіңіз, егер...
Қалыпты жұмыс кезінде естілетін шуыл
Тоңазытқыш сұйық түтікшелер арқылы
аққан кезде әлсіз сырылдаған немесе
көпіршіп жатқан тәрізді шуылдар естілуі
мүмкін. Бұл дұрыс.
electrolux 13