Basic Guide

Компрессор қосылып тұрған кезде,
тоңазытқыш сұйық жан-жаққа таралады да,
компрессордан сырылдаған, сондай-ақ
дірілдеген дауыс шыққанын естисіз. Бұл
дұрыс.
Жылу әсерінен кеңею орын алған кезде,
кенет тырс-тырс еткен шуыл естілуі мүмкін.
Бұл қалыпты жағдай, қауіпті физикалық
феномен емес. Бұл дұрыс.
Компрессор қосылғанда немесе өшкенде,
температура түймешесінің ақырын "сырт"
еткенін естисіз. Бұл дұрыс.
Техникалық сиппатама
ERD24304W8 ERD28304W8 ERD24304X8 ERD28304X8
Өлшемі
Биіктігі 1404 мм 1590 мм 1404 мм 1590 мм
Ені 545 мм 545 мм 545 мм 545 мм
Тереңдіг
і
604 мм 604 мм 604 мм 604 мм
Температура
ны көтеру
уақыты
19 сағ 20 сағ 19 сағ 20 сағ
Техникалық ақпарат құрылғының ішкі сол
жағында орналасқан техникалық ақпарат
тақтайшасында және қуат мәндері берілген
жапсырмада көрсетілген.
Орнату
Сақтандыру туралы ескерту! Құрылғыны
орнатпай тұрып "Қауіпсіздік туралы
ақпаратты" жеке басыңыздың қауіпсіздігін
қамтамасыз ету үшін және құрылғыны дұрыс
пайдалану үшін мұқият оқып шығыңыз.
Орналастыру
Бұл құрылғыны температурасы құрылғының
техникалық ақпараттар тақтайшасында
көрсетілген климат санатына сай келетін
жерге орналастыру қажет:
Климат
санаты
Қоршаған орта температурасы
SN +10°C бастап + 32°C дейін
N +16°C бастап + 32°C дейін
ST +16°C бастап + 38°C дейін
T +16°C бастап + 43°C дейін
Бекіткіш тетіктер
Нұсқаулық салынған қалтаның ішінде, суретте
көрсетілгендей орнатылуға тиіс екі бекіткіш
тетік бар.
1. Тетіктерді саңылауға дәл келтіріп
салыңыз. Көрсеткіні (A) суретте
көрсетілген бағытта орнатыңыз.
2. Бекіткіш тетіктер өз орындарына келгенше
сағат бағытына қарсы 45° градусқа
бұраңыз.
Деңгейлеу
Құрылғының орнықты болып орнатылуын
қадағалаңыз. Оны алдыңғы жақта орналасқан
екі өзгермелі сирақ арқылы орнықты етіп
орнатуға болады.
14 electrolux