User manual

суықтықты жоғары деңгейге қою үшін
температура түймешесін суықтың
максимум деңгейіне қарай бұраңыз.
Әдетте орташа суықтықты таңдаған
дұрыс.
Дегенмен, параметрді дәл тауып орнату
үшін құрылғының ішіндегі
температураның төмендегі
жағдайларға:
бөлме температурасына
есіктің қаншалықты жиі
ашылғандығына
сақталатын тағамның мөлшеріне
құрылғы орнатылған жерге
байланысты екендігін есте ұстау
қажет.
Өте маңызды! Егер бөлме
температурасы жоғары болса не тағам
тоңазытқыш ішіне толтыра салынса
және құрылғы төменгі температурада
тұрса, құрылғы үздіксіз жұмыс жасап
оның қабырғасына қырау тұруы мүмкін.
Бұндай жағдайда түймешені жоғары
температураға қойып,құрылғы мұзын
қуатты көп шығындамай, өздігінен еріп
кетуіне мүмкіндік беру қажет.
Бірінші қолдану
Ішін тазалау
Құрылғыны ең алғаш пайдаланбас
бұрын, жаңа бұйымға тән иісті арылту
үшін оның іші мен ішкі керек-жарақтарын
сәл нейтрал сабын салынған жылы
сумен жуып, содан соң мұқият
құрғатыңыз.
Өте маңызды! Жуғыш зат не жеміргіш
ұнтақтарды пайдаланбаңыз, бұл
құрылғының сыртқы қабатына зиян
келтіреді.
Әркүндік қолдану
Жаңа тағамды мұздату
Мұздатқыш камера жаңа тағамды
мұздату мен тоңазыған және
мұздатылған тағамдарды ұзақ уақыт
сақтауға жарайды.
Жаңа тағамды мұздату үшін орташа
температураны өзгертудің қажеті жоқ.
Дегенмен, тағамды тезірек мұздатқыңыз
келсе, температура түймешесін
максимум суықтыққа қою үшін жоғары
параметрге қойыңыз.
Өте маңызды! Бұндай жағдайда,
тоңазытқыш камерадағы температура
0°C градустан төмен түсіп кетуі мүмкін.
Бұндай жағдай орын алса, температура
түймешесін жылырақ параметрге әкеліп
қойыңыз.
Мұздатылған тағамды сақтайтын камера
Құрылғыны ең алғаш қолданғанда не
ұзақ уақыт пайдаланбағаннан кейін
қосқан кезде, камераға тамақ салмас
бұрын құрылғыны ең кем дегенде 2 сағат
ең жоғарғы параметрлерге қойып жұмыс
істетіп алыңыз.
Өте маңызды! Кездейсоқ еріп кету,
мысалы электр қуаты өшіп, ток
техникалық сипаттамалар
кестесі ндедегі "көтер у уақыты" б өлімінд е
берілген мәндерден де ұзақ уақыт бойы
қосылмай тұрса, еріп кеткен тағамды
жылдам пайдаланып не дереу пісіріп
алып барып қайта тоңазыту
(салқындатқан соң) қажет.
Жібіту
Мұздатылған не тоңазытылған тағамды
қажетке жаратпас бұрын, осы жұмысқа
арналған уақыттың шамасына қарай
отырып, оны тоңазытқыш ішінде не
бөлме температурасында жылытуға
болады.
Тағамның кіші кесектерін
тоңазытқыштан алған бетте мұздаған
қалпы пісіре беруге болады. бұндай
жағдайда пісіру уақыты ұзағырақ
болады.
18 electrolux