User manual

13. Құрылғыны орнына қойыңыз,
деңгейін реттеңіз, кем дегенде төрт
сағат уақыт өткеннен кейін электр
желісіне жалғаңыз.
Ең соңғы тексерісті жүзеге асырып,
мыналарды тексеріңіз:
Барлық бұрандалардың бұралғанын.
Есіктің дұрыс ашылып-
жабылатындығын.
Егер бөлме температурасы суық
(мысалы, қыста)болса, тығыздағыш
корпусқа мықтап жанаспауы мүмкін.
Бұндай жағдайда, тығыздағыштың өз
бетімен орнына келуін күтіңіз.
Жоғарыда айтылған әрекеттерді өзіңіз
орындағыңыз келмесе, қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз. Қызмет
көрсету орталығының маманы, есіктің
орнын ақылы түрде ауыстырып береді.
Электр желісіне жалғау
Электр желісіне қоспас бұрын
техникалық ақпарат тақтайшасында
көрсетілген кернеу мен жиіліктің үйдегі
электр желісінің қуатына сай келетіндігін
тексеріп алыңыз.
Құрылғы жерге қосылуға тиіс. Осы
мақсатта қорек сымы контактпен қатар
жеткізілген. Егер үйдегі розетка жерге
қосылмаған болса, білікті электр
маманынан ақыл-кеңес ала отырып,
құрылғыны қолданыстағы ережелерге
сай жерге жекелей қосыңыз.
Жоғарыда айтылып өткен ережелер
сақталмаса, өндіруші қандай да бір
жауапкершілікті өз мойнына алудан бас
тартады.
Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне сай
келеді.
Қоршаған орта мәселелері
Бұйымдағы немесе бұйым
қорапшасындағы
белгісі осы бұйым
кәдімгі үй қалдығы емес екенін көрсетіп
білдіреді. Сондықтан оны ескі электр
және электроникалық бұйымдарды
жинап утилизация үшін арнайы
контейнерлерге салуыңыз керек. Осы
бұйымды дұрыс түрде утилизация
арқылы Сіз қоршаған орта менен адам
денсаулығына түсіп пайда бола алатын
зиянын болдыртпауын үшін үлес қоса
аласыз; осы зиян бұл бұйымды дұрыс
емес қолданғанда пайда болуы мүмкін.
Осы бұйымның утилизациясы туралы
көбірек білуіңіз үшін жергілікті
әкімшілігіңізбен, қалдықтарды жинап
әкететін мекемеңізбен немесе осы
бұйымды Өзіңізге сатқан дүкенімен
хабарласыңыз.
28 electrolux