User manual

Температура индикаторы орнатылған
температураны көрсетеді.
Таңдалған температура 24 сағат ішінде
орнайды.
Электр қуаты үзіліп қалса,
орнатылған температура сақтаулы
қалады.
3.5 EcoMode
Тағамды барынша оңтайлы сақтау үшін
EcoMode режимін таңдаңыз.
Функцияны іске қосу үшін:
1.
Mode түймешігін тиісті белгі көрінгенше
басыңыз.
Температура индикаторы орнатылған
температураны көрсетеді:
тоңазытқыш үшін: +4°C
Функцияны ажырату үшін:
1.
Басқа функцияны таңдау үшін Mode
түймешігін басыңыз немесе тиісті
белгілердің ешқайсысы көрінбей
кеткенше Mode түймешігін басыңыз
Функция басқа орнатылған
температураны таңдаған кезде
ажыратылады.
3.6 ShoppingMode
Жылы тағамды көп мөлшерде, мысалы, азық-
түлік дүкенінен келген бетте салғыңыз келсе,
тағамдарды неғұрлым тез тоңазыту үшін, әрі
тоңазытқыштағы басқа тағамдар жібіп кетпес
үшін ShoppingMode функциясын іске қосуды
ұсынамыз.
Функцияны іске қосу үшін:
1.
Mode түймешігін тиісті белгі көрінгенше
басыңыз.
ShoppingMode функциясы шамамен 6
сағаттан кейін автоматты түрде өшеді.
Функцияны автоматты түрде сөніп қалмай
тұрып өшіру үшін:
1.
Басқа функцияны таңдау үшін Mode
түймешігін басыңыз немесе Mode
түймешігін арнайы белгілердің барлығы
көрінбей кеткенше басыңыз
Функция тоңазытқыштың басқа
орнатылған температурасын
таңдаған кезде ажыратылады.
3.7 Демалыс режимі
Бұл функция ұзақ демалысқа кетерде
жағымсыз иіс пайда болдырмай,
тоңазытқышты жабық әрі бос ұстауға
мүмкіндік береді.
Демалыс функциясы іске қосулы
тұрғанда, тоңазытқыш бөлік бос
болуға тиіс.
Функцияны іске қосу үшін:
1.
Mode түймешігін тиісті белгі көрінгенше
басыңыз.
Тоңазытқыш температурасының
индикаторы орнатылған температураны
көрсетеді.
Функцияны ажырату үшін:
1.
Басқа функцияны таңдау үшін Mode
түймешігін басыңыз немесе Mode
түймешігін арнайы белгілердің барлығы
көрінбей кеткенше басыңыз
Функция тоңазытқыштың басқа
орнатылған температурасын
таңдаған кезде ажыратылады.
3.8 FreeStore режимі
Функцияны іске қосу үшін:
1.
Mode түймешігін тиісті белгі көрінгенше
басыңыз.
2.
FreeStore индикаторы көрсетіледі.
Функцияны ажырату үшін:
1.
Басқа функцияны таңдау үшін Mode
түймешігін басыңыз немесе Mode
түймешігін арнайы белгілердің барлығы
көрінбей кеткенше басыңыз
Егер функция автоматты түрде іске
қосылса, FreeStore индикаторы
көрсетілмейді ("Әркүндік қолдану"
тарауын қараңыз).
FreeStore режимін іске қосқанда қуат
шығыны артады.
3.9 “Есік ашық” ескерту сигналы
Есік бірнеше минут ашық қалса, дыбыстық
сигнал естіледі. Есіктің ашық тұрғандығы
төмендегі белгі арқылы көрсетіледі:
Ескерту индикаторы жыпылықтайды
•дыбыстық сигнал
Қалыпты жұмыс режимі орнағаннан кейін (есік
жабылғанда), дыбыстық сигнал тоқтайды.
Ескерту сатысында кез келген түймешікті
басып ескерту сигналын ажыратуға болады.
ҚАЗАҚ 7