User manual

1. Сигнал шамы
2. Қосу/Өшіру түймешігі
3. Температура түймешесі (ең жылы)
4. Температура көрсеткіші
5. Температура түймешесі (ең суық)
6. Ескерту сигналының шамы
7. Ескерту сигналын қайтару түймешесі
8. Action Freeze шамы
9. Action Freeze түймешесі
Қосу
Ашаны розеткаға сұғыңыз.
Қосу/Өшіру түймешігін басыңыз.
Сигнал шамы жанады.
Өшіру
Тоңазытқышты Қосу/Өшіру түймешігін,
сигнал шамы мен температура
анықтағыш шамы өшкенше басып тұру
арқылы өшіруге болады.
Температураны баптау
Температураны -15°C пен -24°C
аралығында орнатуға болады.
Температура түймешігін басқан кезде
температура көрсеткішінде ағымдық
температура жыпылықтайды.
Температура параметрін температура
көрсеткіші жыпылықтап тұрған кезде
ғана өзгертуге болады. Жылырақ
температураны орнату үшін жылы
температура түймешесін басыңыз.
Суығырақ температураны орнату үшін
суық температура түймешесін басыңыз.
Жаңадан таңдалған температура
температура көрсеткішінен бірнеше
секунд көрсетіліп тұрады да, содан соң
қайтадан камера ішіндегі температура
пайда болады.
Құрылғы жаңадан таңдалған
температураға 24 сағат өткен соң жетуге
тиіс.
Сақтандыру туралы ескерту!
Тұрақтану кезеңінде көрсетілген
температура орнатылған
температураға сай келмеуі мүмкін.
Температура көрсеткіші
Қалыпты жұмыс жасау кезінде
температура көрсеткіші камера ішіндегі
температураны көрсетеді.
Өте маңызды! Көрсетілген температура
мен орнатылған температура екеуара
айырмашылығының болуы қалыпты
жағдай. Әсіресе:
жаңа параметр жақында ғана
таңдалса.
есік ұзақ уақыт бойы ашық қалса.
камераға жылы тамақ қойылса.
Артық температураны ескерту сигналы
Камера ішіндегі температура қалыптан
тыс жоғарлап кетсе (мысалы,ток өшіп
қалғанда) ескерту шамы жыпылықтай
бастайды да, сигнал беріледі.
Температура өз қалпына келген соң,
ескерту шамы жыпылықтауын
жалғастыра береді де, сигнал өшеді.
Ескерту сигналын кері қайтару түймешігі
басылған кезде температура
көрсеткішінде камера ішінде орнаған ең
жылы температура жыпылықтай
бастайды.
Егер электр қуаты ұзақ уақыт бойы өшіп
тұрса, мұздаған тағамды неғұрлым тез
пайдаланған не пісіріп барып қайта
мұздатқан дұрыс.
Action Freeze функциясы
Action Freeze функциясын Action Freeze
түймешесін басып қосуға болады.
Action Freeze шамы жанады.
Бұл функция қосылып тұрған
кезде,бейнебетте SP көрсетіліп тұрады.
Өте маңызды! Бұл функция 52 сағаттан
соң автоматты түрде тоқтайды.
Функцияны кез келген уақытта Action
Freeze түймешесін басып ажыратуға
болады. Action Freeze шамы өшеді.
36 electrolux