User manual

Тоңазытқыштың басқару шамы
12 3 4 5 67 89
1. Сигнал шамы
2. Қосу/Өшіру түймешігі
3. Температура түймешесі (ең жылы)
4. Температура көрсеткіші
5. Температура түймешесі (ең суық)
6. Action Coolшамы
7. Action Coolтүймешесі
8. D.A.C.шамы
9. D.A.C.түймешесі
Қосу
Ашаны розеткаға сұғыңыз.
Қосу/Өшіру түймешігін басыңыз.
Сигнал шамы жанады.
Өшіру
Тоңазытқышты Қосу/Өшіру түймешігін,
сигнал шамы мен температура
көрсеткіші өшкенше басып тұру арқылы
өшіруге болады.
Температураны баптау
Температураны +2°C пен +8°C
аралығында орнатуға болады.
Температура түймешігін басқан кезде
температура көрсеткішінде ағымдық
температура жыпылықтайды.
Температура параметрін температура
көрсеткіші жыпылықтап тұрған кезде
ғана өзгертуге болады. Жылырақ
температураны орнату үшін жылы
температура түймешесін басыңыз.
Суығырақ температураны орнату үшін
суық температура түймешесін басыңыз.
Жаңадан таңдалған температура
температура көрсеткішінен бірнеше
секунд көрсетіліп тұрады да, содан соң
қайтадан камера ішіндегі температура
пайда болады.
Құрылғы жаңадан таңдалған
температураға 24 сағат өткен соң жетуге
тиіс.
Сақтандыру туралы ескерту!
Тұрақтану кезеңінде көрсетілген
температура орнатылған
температураға сай келмеуі мүмкін.
Осы уақытта көрсетілген
температураның орнатылған
температурадан төменірек болуы
ықтимал.
Температура көрсеткіші
Қалыпты жұмыс жасау кезінде
температура көрсеткіші тоңазытқыш
ішіндегі температураны көрсетеді.
Өте маңызды! Көрсетілген температура
мен орнатылған температура екеуара
айырмашылығының болуы қалыпты
жағдай. Әсіресе:
жаңа параметр жақында ғана
таңдалса.
есік ұзақ уақыт бойы ашық қалса.
камераға жылы тамақ қойылса.
Action Cool функциясы
Action Coolфункциясы орнатылған кезде
құрылғы жұмысы тиімділігі ең жоғарғы
деңгейде болады. Бұл функцияны аса
көп мөлшерде тағам салған кезде
пайдалану ұсынылады.
Action Cool функциясын Action Cool
түймешесін басып қосуға болады.
Action Cool шамы жанады.
Өте маңызды! Ішкі температура +2°C
дейін азаяды.
Шамамен 6 сағат өткен соң Action Cool
функциясы автоматты түрде өшіп
қалады.
D.A.C. функциясы
D.A.C. функциясын D.A.C. түймешесін
басып қосуға болады.
D.A.C. шамы жанады.
electrolux 37