User manual

Бірінші қолдану
Ішін тазалау
Құрылғыны ең алғаш пайдаланбас
бұрын, жаңа бұйымға тән иісті арылту
үшін оның іші мен ішкі керек-жарақтарын
сәл нейтрал сабын салынған жылы
сумен жуып, содан соң мұқият
құрғатыңыз.
Өте маңызды! Жуғыш зат не жеміргіш
ұнтақтарды пайдаланбаңыз, бұл
құрылғының сыртқы қабатына зиян
келтіреді.
Күнделікті пайдалану
Жаңа тағамды тоңазыту
Мұздатқыш камера жаңа тағамды
тоңазыту мен тоңазыған және
мұздатылған тағамдарды сақтауға
жарайды.
Тоңазытылатын жаңа тағамды сол жақ
камераға салыңыз, мұздап болған соң
сақтауға арналған себетке салыңыз.
24 сағат ішінде тоңазытуға болатын
тағамның ең көп мөлшері құрылғының
ішіндегі техникалық ақпарат
тақтайшасында көрсетілген.
Мұздату үрдісі 24 сағатқа созылады: осы
уақыт аралығында басқа тоңазытылуға
тиіс тағамды қосып салмаңыз.
Өте маңызды! Action Freeze функциясын
қашан пайдалануға болады:
6 сағат
бұрын
Аз мөлшердегі жаңа тағамды
(5 кг шамасында) салар кезде
24 сағат
бұрын
Ең көп мөлшердегі тағамды
салар кезде (техникалық
ақпарат тақтайшасын
қараңыз)
қажет
емес
Тоңазытылған тағамды салу
қажет
емес
Ең көп дегенде 2 кг болатын аз
мөлшердегі жаңа тағамды
күнделікті салып отыру
Мұздатылған тағамды сақтайтын камера
Құрылғыны ең алғаш қолданғанда не
ұзақ уақыт пайдаланбағаннан кейін
қосқан кезде, камераға тамақ салмас
бұрын құрылғыны ең кем дегенде 2 сағат
ең жоғарғы параметрлерге қойып жұмыс
істетіп алыңыз.
Өте маңызды! Кездейсоқ еріп кету,
мысалы электр қуаты өшіп, ток
техникалық сипаттамалар
кесте сінде дегі " көтер у уақыты" бөлім інде
берілген мәндерден де ұзақ уақыт бойы
қосылмай тұрса, еріп кеткен тағамды
жылдам пайдаланып не дереу пісіріп
алып барып қайта тоңазыту
(салқындатқан соң) қажет.
Мұз текшелерін жасау
Бұл құрылғыда мүз текшелерін жасауға
арналған бір не одан да көп науалар бар.
Осы науаларға су толтырыңыз да, содан
соң оларды мұздатқыш камераға
салыңыз.
Өте маңызды! Науаларды камерадан
алу үшін металл аспаптарды
пайдаланбаңыз.
38 electrolux