User manual

Мұздату күнтізбесі
Белгішелер тоңазытылған тағамдардың
әртүрлі түрлерін көрсетеді.
Сандар тоңазытылған тағамдардың
қанша ай сақтауға жарамды екендігін
көрсетеді. Қажетті сақтау уақытының
үлкен не кіші мәнінің жарамдылығы,
тағамның сапасы мен оның тоңазытудан
бұрын дұрыс дайындалған-
дайындалмағанына байланысты
анықталады.
Жібіту
Мұздатылған не тоңазытылған тағамды
қажетке жаратпас бұрын, осы жұмысқа
арналған уақыттың шамасына қарай
отырып, оны тоңазытқыш ішінде не
бөлме температурасында жылытуға
болады.
Тағамның кіші кесектерін
тоңазытқыштан алған бетте мұздаған
қалпы пісіре беруге болады. бұндай
жағдайда пісіру уақыты ұзағырақ
болады.
Жылжымалы сөрелер
Тоңазытқыштың қабырғасында бірнеше
бағыттағыш жолдар орналасқандықтан
сөрелерді қажетті қатарға орнатуға
болады.
Ішкі кеңістікті тиімді пайдалану үшін
алдыңғы жарты сөрелерді артқы
сөрелердің үстіне қоюға болады.
Ауа айналымы
Тоңазытқыштың камерасы
D.A.C.түймешесі арқылы қосылатын
арнайы D.A.C. (Динамикалық ауа
салқындатқыш) желдеткішпен
жабдықталған.
A
A жасыл шам
Жасыл шам жанса желдеткіштің
қосылып тұрғандығын білдіреді.
Бұл құралды қоршаған орта
температурасы 25°C асқан кезде
қолдану ұсынылады.
Бұл құрал тағамды жылдам суытып
камера ішіндегі температураны
неғұрлым біркелкі ұстап тұруға мүмкіндік
береді.
Тоңазытқыш есігі
Құрылғы есігін дұрыс жауып және дұрыс
ашу үшін екі есікті де қатар ашып жабу
керек (суретте көрсетілгендегідей).
electrolux 39