User manual

Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер
Жаңа тағамды тоңазытуға қатысты
ақыл-кеңес
Ең жақсы нәтижеге жету үшін:
жылы не буы бұрқырап тұрған сұйық
заттарды тоңазытқышқа қоймаңыз
тағамның бетін жабыңыз не оны орап
салыңыз, әсіресе ол өткір иісті болса
тағамды ауа оның айналасында еркін
айнала алатындай етіп
орналастырыңыз
Тоңазытуға қатысты ақыл-кеңес
Пайдалы кеңестер:
Ет (барлық түрлері) : полиэтилен қалтаға
орап көкөніс суырмасының үстіңгі
жағындағы шыны сөреге қойыңыз.
Сақтық мақсатында тағамды осылайша
тек бір, көп дегенде екі күн ғана сақтау
керек.
Пісірілген тағамдар, суық тағамдар т.б.:
бұлардың бетін жауып кез келген сөреге
қоюға болады.
Жемістер мен көкөністер: бұларды
мұқият тазалап арнайы сөреге (лер) салу
қажет.
Сарымай мен ірімшік: бұларды арнайы
ауа өткізбейтін сауыттарға салып не
алюминий қағазға не полиэтилен қалтаға
орап, мүмкіндігінше ауа өткізбеуге
тырысу қажет.
Сүт бөтелкелері: бұлардың тығындарын
жауып, есіктегі бөтелке қойылатын
қатарға қою қажет.
Оралмаған банан, картоп, пияз бен
сарымсақты тоңазытқышта ұстауға
болмайды.
Тоңазыту туралы кеңес
Төменде тоңазыту үрдісін барынша
тиімді жүзеге асыру үшін бірнеше
маңызды кеңестер берілген:
24 сағат ішінде тоңазытуға болатын ең
көп тағам мөлшері техникалық ақпарат
тақтайшасында берілген;
мұздату үрдісі 24 сағатқа созылады.
Осы уақыт аралығында тоңазытылуға
тиіс ешбір қосымша тағамды қосып
салуға болмайды;
тек аса жоғары сапалы, жаңа және
мұқият тазаланған тағамдарды ғана
тоңазытыңыз;
40 electrolux