User manual

ЫЛҒАЛДЫЛЫҚТЫ БАҚЫЛАУ
Шыны сөре көкөніс салынатын сөре(лер)дің
температурасын реттеуге мүмкіндік беретін
саңылаулары (сырғыма тетіктің көмегімен
реттелетін) бар құралмен жабдықталған.
Желдету саңылаулары жабық тұрған кезде:
жеміс пен көкөніс тартпасына салынған
тағамның құрамындағы табиғи ылғалдылық
ұзағырақ сақталады.
Желдету саңылаулары ашық тұрған кезде:
ауа көбірек айналып тұрса, жеміс пен көкөніс
салынатын бөліктердегі ауаның ылғалдылығы
төменірек болады.
ТЕМПЕРАТУРА ИНДИКАТОРЫ
Бұл құрылғы Францияда сатылады.
Осы елде қолданылатын ережелерге сәйкес
бұл құрылғы тоңазытқыштың ең суық зонасын
көрсетіп тұру үшін оның астыңғы бөлігінде
орналастырылған арнайы құралмен (суретті
қараңыз) жабдықталуға тиіс.
ЕСІКТІҢ СӨРЕЛЕРІН ОРНАЛАСТЫРУ
1
2
Әр түрлі мөлшерде оралған тағамдарды
орналастыру үшін есіктегі сөрелерді түрлі
биіктікке қоюға болады.
Бұл үшін төмендегі әрекеттерді орындаңыз:
сөрелерді көрсеткі бағыты бойынша еппен
тартып шығарыңыз да, қажетті орынға
қойыңыз.
10
www.electrolux.com